Бағдаулет Айдана

Рейтинг:

«КЕЛЕШЕКТЕ БІЛІКТІ МАМАН, ТАНЫМАЛ ДИЗАЙНЕР БОЛАМЫН!»
 
      «Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба» деген ұлы Абайдың сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған ізденімпаз балауса Қазақ елінің бас шаһары – Астана  (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында 2008 жылы ынтымағы мен бірлігі жарасқан көпбалалы отбасында   дүниеге келді. Арқа сүйер асқар тау әкесі Бағдаулет пен аялы алақанына әлемнің бар жылылығын сыйдырған анасы Мөлдір – басты бақытымыз ұрпағымыз дейтін жарасымды жұптар қатарында. Ардақты әкесі – жеке кәсіпкер. «Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы» деген ұлы ұстанымды ту еткен отбасында өскен Айдана бүлдіршін кезінен руханият әлеміне жаны жақын  өнерлі өрен болып бой түзеп келеді. Айдана – өте бауырмал, мейірімді, көпшіл, үйдің үлкені. Ізінен ерген Мухамедияр, Дияс және  Расул есімді бауырлары бар. Тумысынан зерек, алғыр қыз Айдана 4 жасында «АБВГДЕЙКА» орталығына барып, мектепке даярлық тобында дүниетанымын кеңейтті. Мектеп табалдырығын алғаш аттап, 2015 жылы білім әлемінің есігін ашқан Айдананың алғашқы ұстазы Айгуль Галымбекқызы алғыр, зерек шәкіртіне көп нәрсені үйретіп, жақсы қасиеттерін дамыта түсті. Айдана алғашқы ұстазын жүрек түкпірінде сақтап, шексіз алғысын білдіреді. Білімпаз шәкірт Айдана бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінен бастап ағылшын тілі, арифметика, қолөнер және жүзу үйірмелеріне қатыса бастады. Бастауыш сыныпты «Өте жақсы» деген көрсеткішпен бітірген өрелі өрен қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы №22 мектеп-гимназияның 5-сыныбында оқып, жыл сайын білімін жетілдіріп, барлық пәндерден оқу көрсеткішін жақсартып, мектепте белсенді оқушылардың бірі болып жүр. «Білім алмайтын қамал жоқ» деген пікірді басшылыққа алған білімсүйгіш Айдана бүгінде Назарбаев зияткерлік мектебіне түсуді мақсат етіп, ерінбей-жалықпай білім алуда. «Aiplus»  орталығында білімін жетілдіріп жүрген Айдана – сыныбының белсендісі мен мақтанышы, оқу үздігі, әдепті де тәрбиелі қыз. Бос уақытында сурет салып, қолөнермен айналысатын Айдана ару дизайнер мамандығының майталман шебері болып, танымалдыққа жетіп, ата-анасының мақтанышы болғысы келеді. 
      Сүйікті ісі: Білімін жетілдіру, анасына көмектесу, бауырларымен бірге демалу, музыка тыңдау,  сурет салу, отбасымен бірге саяхатқа шығу.
      Арманы: Жоғары білімді білікті маман, танымал тұлға болып, Ұлы Қазақ Елінің мақтанышына айналу, көпшіліктің алғысын алу, үлкен жетістіктерге жету.
 
 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости