Бабаомар Қарақат

Рейтинг:

«ОТБАСЫМ –  ҚАСИЕТТІ ЖҰМАҒЫМ»
 
      Кең жазира далада арқасын кеңге жайып, қос бәйтерегі мен бауырларының ортасында отбасы қамқорлығы мен балалық бақытқа бөленіп өсіп келе жатқан балғындардың келешегі кемел, өмірлері мәнді болмақ. Жастайынан талаптың үкілі пырағын ерттеп мінген дарынды балаусаның бірі – Бабаомар Қарақат. Сырбойылық дарынды жас Маратбайқызы Қарақат  2007 жылы 14 шілдеде  отбасын шаттыққа бөлей, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Байсын ауылында жарық дүние есігін ашты. 
      «Бала тәрбиесінің ең маңыздысы – жас ұрпақты еңбекке баулу. Еңбекқор жас қана өмірде үлкен азамат болады», – дейді  әйгілі қазақ жазушысы Ә.Нұршайықов. Табан ақы, маңдай терімен тапқан адал астың бойына сіңімді болатынын ұғынып, бойына   ата-анасынан  алған ұлылық ұлағатын дарытқан тәрбиелі Қарақат – көпбалалы отбасының перзенті. Қарақат үшін ардақты әкесі Бекпенбетов Маратбай мен күншуақты анасы Молдажанова Табиғаттың, ағасы Бабаомар Бекмырза мен ақылшы тәтелері Ақбаян, Еңлік Маратбайқыздары және тәтті қылықты сіңлісі Салтанаттың орны ерекше.  Сондықтан да, отбасының жан шуағына бөленіп бой түзеп келе жатқан Қарақат: «Отбасым – қасиетім, құтты мекенім», – дейді.  
      Шәкірт – ұстаз еңбегінің куәгері, мектеп айнасы. Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алса, оқушының биікке қанат қағары – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Бүгінгі жас ұрпақ үшін сапалы да терең білім алудың жолдары жан-жақты қарастырылған. Оқып-білуге деген құштарлығы артқан дарынды оқушы Бабаомар Қарақат   «Шұғыла» балабақшасымен қоштаса отырып, 2013 жылы 1-4-сынып аралығында №207 Жаңатұрмыс мектебінің оқушы партасына отырады. Бүгінгі таңда Шиелі ауданындағы №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы №48 лицейде білімін   одан әрі жетілдіріп келеді.  Өресі биік, талғамы терең  Бабаомар Қарақат үщін армандар орындалады.  Себебі, даналық ой иесі, америкалық жазушы  Эльберт Хаббарт: «Армандар орындалады. Ол үшін екі нәрсе міндетті түрде керек: айқын мақсат пен азғантай ғана уақыт» демей ме?! Ал, біздің зерек ой иесі, білімдар Қарақаттың межелеген мақсаты да осы емес пе?!. 
      Жетістігі: Әр жыл сайын «Өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін» Мақтау қағаздары; Халықаралық «ПОНИ» турнирінің қатысушы сертификаты: Республикалық «Ақ бота – 2015», «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында ІІІ орын Диплом иегері; «Кенгуру – математика для всех» интеллектілік конкурсының сертификаты және ІІ орны, «Кенгуру – лингвист» жобасында ІІІ орын Дипломы;  «Люби, цени и знай русский язык!» тілдер апталығында Грамота иегері; Ағылшын тілі пәні бойынша ІІІ дәрежелі Диплом марапаты; Республикалық НИО орыс тілі пәні бойынша І дәрежелі Диплом жеңімпазы; «Ф.Оңғарсынова өлеңін мәнерлеп оқу» Республикалық онлайн конкурсының І дәрежелі Дипломы; «Астана – еліміздің тірегі» тақырыбында мектепішілік мәнерлеп оқу видеоэстафета сағаттары апталығында І орын Мадақтамасы иегері;  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері; Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ғалым А.Байтұрсынұлы атындағы ІІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп,  І дәрежелі Дипломмен марапатталған. Ә.Тәжібаевтың 110 жылдығына орай «Сырда туған сұңқар ақын» тақырыбындағы апталық барысында «Толағай ақын, толастамас жыр» мәнерлеп оқу байқауында ІІІ орын Мадақтамасы; Республикалық «Шеберлер қаласы: ата бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының  «Матадан бұйымдар жасау» номинациясы бойынша ІІ орын Мадақтамасы иегері.
      Сүйікті ісі: Әдеби көркем кітаптар оқу. Таза ауада отбасы мүшелерімен демалу.
      Арманы: Адам жанының арашасы, құрметті мамандық – дәрігер болу.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости