Ашимов Арсен

Рейтинг:

«ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ, ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАҚЫН ЖАС ҰЛАН»
 
      «Аз сөйлер де, көп тыңдар хас асылдың баласы» деген қанатты сөздің қадірін жете түсінетін өрелі өрен Ашимов Арсен Бекзатұлы 2012 жылы сәуірде жасыл желекті әсем қала Алматыда өнегелі отбасында өмірге келді. Білімге ынталы, жақсылыққа жақын, спортқа бейім  Арсен жылуы мол отбасының сүйіспеншілігіне бөленіп ер жетуде. Бала – өмірдің мәні, көңілдің сәні, алға жетелер шамшырақ» деп қарайтын  отбасының мәуелі бәйтерегі, мейірімі шексіз әжесі Бердаулетова Татьяна Қайырдықызының тәлімді тәрбиесіндегі Арсеннің алдағы күнге сеніммен қарайтыны анық. Асылзат әжесі Татьяна бүгінде зейнеткер, шекара қызметінің ардагерлері қатарында. Биік болмысты, жоғары ұстанымды,  еңбексүйгіш,  отбасының тірегі болып жүрген қамқор әкесі Ашимов Бекзат Қонысбайұлы – НАКО – Алмалы ІІ мекемесінде еңбек етіп жүрген  абыройлы азамат. Ажарына ақылы сай абзал анасы Бердаулетова Назым Бақытқызы «Ashish trading» компаниясының қызметкері. Арсен – отбасының тұла бойы тұңғышы, «Бауырмен өмір мәнді» дегенді жақсы түсінетін балақайдың ізінен ерген інісі Ашимов Арнұр – балабақша тәрбиеленушісі. Бауырмал, көпшіл, алғыр Арсен інісіне жақсы үлгі көрсетуден жалықпайды. «Білім гауһар, бағасы жоқ. Надандық кесел, дауасы жоқ»  деген ұстанымдағы ізденімпаз, қабілетті, жан-жақты ұлан қазіргі кезде Алматы қаласының беделді білім ордасы саналатын №13 мектеп-гимназиясының 1 «А» сыныбында ұлағатты ұстаз, білікті маман Амирова Толқын Нұрғазықызының жетекшілігімен білім әліппесін бағындыруда. Арсен қазірге таңда «BQ» оқу орталығында ағылшын тілін меңгеріп, йогамен айналысып жүр. Жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайтын, жауапкершілігі мол, өз ісіне тиянақты Арсен Бекзатұлы – сынып белсендісі, ізденімпаз, ұғымтал шәкірт. Уәдеге берік, бір сөзді, ұстамды болып өсіп келе жатқан ұлағатты ұлан   өзіне қандай іс тапсырылса да аяғына дейін орындап, жауапкершілігінің жоғары екенін дәлелдеп келеді. Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік. Жылдам ойланып, тез жауап беруге дағдыланған зерек бала «Жақсы – ісімен жақсы» деген қағиданы ешқашан естен шығармайды. «Үйренгенімнен үйренерім көп» дейтін қабілетті шәкірт салауатты өмір салтын ұстанады. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болып жүретін жігерлі, талапты Арсеннен жақындары үлкен үміт күтеді.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, білімін жетілдіру, сурет салу, қолөнермен айналысу, бос уақытында «Break dance» билейді.
      Арманы: Жоғары білім алу,  өз ісінің маманы, жақындарының мақтанышы болу.






Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости