![]()
«СӨЗГЕ БЕРІК, СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ БОЛУ – МЕНІҢ ИДЕАЛЫМ»
«Оқу – білім бұлағы, білім өмір шырағы»
деген бағыттағы озық ойлы жас Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданында өнегелі отбасында 2006 жылдың 1 маусымында өмір есігін ашқан Арсен – бір отбасының үкілеген ақ үміті мен сенім артар ел ертеңі. Дүние есігін ашқаннан бастап ата-әжесінің тәлімді тәрбиесін алып, мейірім-шуағына бөленіп ер жетіп келеді. Отбасының
![]()
биік бәйтерегі сынды атасы Ахметов Бахтыгерей Мулдағалиұлы мен жарқын жүзді, ақ пейілді мейірбан әжесі Ахметова Макпал Исенғазықызының жан жылуына бөленіп, нағашы атасы Наженов Шамурат Куспанұлы мен нағашы әжесі Наженова Сара Жалмуханқызының қолдауымен тәрбиелі, ізетті, ізденімпаз болып өсіп келеді. Ардақты әкесі Ахметов Калибек Бахтыгерейұлы мен аяулы анасы Ахметова Мариям Шамуратқызы – бала бақыты үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға әзір парасатты жұп. Алғыр Арсеннің алдында арқа сүйер ағасы Нүркен мен ізінен ерген Дархан және Алимжан есімді бауырлары бар. Отбасындағы тәлімді тәрбиесі 2008 жылы Тасқала аудандық «Ақбөпе» бөбекжайында жалғасын тауып, балабақшада жақсы әдеттерін дамытты. Білімсүйгіш өрен 2012-2016 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінде оқып, 2017 жылдан бастап «Сәулет» мектеп-лицейіне қабылданды. Қазіргі кезде аталмыш білім ордасында 8-сыныпта білім алуда. Мектебінің озық ойлы шәкірті, көптеген зияткерлік сайыстар мен білім бәйгелерінің, пән олимпиадаларының жүлдегері.
Жетістігі: 2013 жылы ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған тоғызқұмалақ ұлттық спорт ойын түрінен І орынмен Грамота иемденген. 2016 жылы Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі бойынша Ағылшын тілі пәнінен І орын алған жеңімпаз. 2018 жылы аудандық кіші пәндік олимпиадада Математика пәні бойынша І дәрежелі Дипломмен және Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінде Ағылшын тілі пәні бойынша ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталған. 2019 жылы Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде Математика пәнінен жүлделі ІІ орын, Диплом иегері. Облыстық А.Тайманов атындағы «Ақ желкен» математикалық регатасының жеңімпазы, І дәрежелі Диплом иегері, Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінде Ағылшын тілі пәні бойынша ІІІ дәрежелі Диплом иемденген. Облыстық «Импульс – 2019» жас зерттеушілер мен өнертапқыштар интеллектуалды турнирінің Дипломын иемденіп, мерейі үстем болды.
Сүйікті ісі: Спортпен шұғылдану, табиғат аясында демалу, білімін жетілдіру.
Арманы: Жоғары білім алу, инженер мамандығын меңгеру, елге қызмет ету.