Ахатова Алмагүл

Рейтинг:

«ТЕРЕҢ БІЛІМ – СӨНБЕС ШЫРАҚ»
 
      «Білген адам білімді өмір бойы іздейді», –  дейді атақты ойшыл Ахмед Иүгінеки. Қалай дөп басып айтылған парасатты ой.   Тәуелсіз ел жастарының ақылы мен көркіне сапалы білімі тең келіп жатырса, нұр үстіне құйған нұр емес пе?!.  ХХІ ғасыр – жаһандану ғасыры. Заманауи үрдістердің зымырандай аса жылдамдықпен зымыраған кезеңі. Ұлы Қазақ даласының бүгінгі ұрпағы жан-жақты дамыған, сапалы біліммен қаруланған саналы ұрпақ.  Әр бала  – өзіндік ерекшелігі бар жеке тұлға. Тек оны тани білу, таныта білу ұстаз, мектеп, қала берді ата-ананың қолында. Барлық балада жақсы оқысам, ата-анам мен ұстаздарымның үмітін ақтап, биіктерден көрінсем деген арман ұшқыны болады. Ал мектеп – осы асқақ армандарға бет алған балалардың қанатын қатайтып, білім негіздерін қалап, адамдық сапасы мен тәрбиесін қалыптастыратын негізгі орта. Сондықтан, халықтың келешегі осы білім ордасының  қолында екеніне талас жоқ. Бүгінгі заманауи ІТ мектеп-лицейінің шәкірті Ахатова Алмагүл: «Білім – жанған шырақ. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» деген парасатты ой иесі. Ақтау қаласындағы ІТ мектеп-лицейі –  ұлы мақсаттарды болашаққа бағыттаған  көшбасшы білім ошақтарының бірі. Осы білім ордасының шәкірттері Алмат, Алмагүл, Ертай Ахатовтар –  жас та болса өз қатарластарының алдына озып, дарынымен дараланып жүрген дарынды оқушылар.
      Озық ойлы жас  Алмагүл Асхатқызы 2006 жылы 25 шілдеде  айдыны шалқыған аққуы аппақ төсімен көл бетіне сән берген Ақтау қаласында дүниеге келген. Жарасымды жанұяда алған тәрбие жібін №58 балабақшада жалғастырды. Отбасының тірегі әкесі Жұмағұлов Асхат пен  мейірімді жан иесі Сейітова Бақытгүл шаңырағын шаттыққа бөлеп жүрген перзенттері, жанұяның қырмызы қызғалдағы Алмагүлдің ағасы Алмат пен інілері Ертай, Еркебұланның  әр бастамаларына қолдау білдіріп, жетістіктеріне масаттанып жүрген үлгілі  жұп.  
      Жетістігі: «Үздік білімі және үлгілі тәртібі үшін» 1-6-сынып аралығында  Мақтау қағаздар иегері; 2015 жылдың наурыз айында өткен «Бастауышым – бастамам»  апталығында «Әдемі жазу – өнер»  көркем жазу сайысында II дәрежелі Дипломы; Бастауыш сыныптар аралығында өткен «Ең үздік дәптер» байқауында II дәрежелі Диплом иесі; «Русский медвежонок – языкознание для всех» атты  Халықаралық  конкурсқа қатысқаны үшін сертификаты; «Inter Class» орталығында  сабақтарға үздік қатысып, білімімен жеңіп шыққаны үшін бірнеше  Диплом   иемденген.  «Танцевальный рай – 2015»  қалалық  байқауында  «Эстрадалық сахналық би» аталымы бойынша II орын иегері;  Воронеж, Подмосковье  қалаларында  «Рэлеве» эстетикалық гимнастика тобы құрамында өнер көрсетіп, арнайы Дипломмен марапатталған; «Сахналық көрініс» байқауында  II орын иегері.  Тұңғыш  Президент күніне орай Ақтау қалалық   мектеп оқушылары арасында  «Алаңдағы тоғызқұмалақ» қалалық ашық жарысында II орын мадақтамасын иемденген.
       Сүйікті ісі: Тоқыма тоқу, іс тігу, тоғызқұмалақ, шахмат, футбол  ойнау,  тәттілер  мен дәмді тағамдар пісіру.
       Арманы: Сапалы білімін тереңдете отырып, дәрігер мамандығын игеру. Шетелдерге шығып, әртүрлі халықтың тыныс-тіршілігімен танысу.



Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости