Бауыржан Күнтуар мен Асқатұлы Ернат

Рейтинг:

«ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ЖАЛЫНДЫ ҰЛАНДАРЫ» 
 
      Бүгінгі жас буын – ізгілік пен даралықты, арман мен мақсатты  бір бойына жинақтаған саналы ұрпақ. Олар  үнемі ойға алған ісін аяғына дейін жеткізетін ыждағаттылығымен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Себебі,   сапалы білім мен өнердің, шығармашылық дарынның бір арнада тоғысуы –  зайырлы қазақ жастарының  келбеті мен даралық болмысын жарқырата түседі емес пе?! Осындай азаматтық  қабілетімен ерекшеленіп тұратын қазіргі зейінді жастардың қатарында Бауыржан Күнтуар мен Асқатұлы Ернат ержетіп келеді.  Қос ұлан да   – бүгінгі таңда Алматы қаласындағы КММ  №82 мектебінің белсенді де алғыр шәкірттері. Жарасымды отбасының арқа сүйер азаматы Бауыржанұлы Күнтуар – ата-анасы Бауыржан мен Санияның қайсар ұланы, көзқуанышы. 2007 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Айбыны асқақ Асқатұлы Ернат 2007 жылы 14 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Аяулы анасы Керимкулова Гүлбаршын – Ернатқа әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Алдындағы ағасы Ринат – соңына ерген бауыры Ернатқа қамқор аға. 
Жалпы қай кезде де тәрбиенің негізгі мақсаты – өзіңді де, өзгені  де сыйлап құрметтейтін, жат әдеттерден бойын аулақ ұстап,  теріс іске бой алдырмайтын  азаматты қалыптастыру ғой. Осы тұрғыдан зерделейтін болсақ, дарынды жастардың, озат шәкірттердің ойлау қабілетіне еркіндік беріп, шектемей, жетелеп, адастырмай бақылап, керек кезінде жолын көрсетіп отыратын отбасы тәрбиесі мен ұстаздар ұлылығы ғой.    зерек ой иелері Ернат пен Күнтуар да  алдағы күн бедерінде азаматтық рухы мен  адалдық жолында қажымайтын жастар тобын қалыптастыратындарына сенімді. «Тек қана алға, жас ұландар!» дегіміз келеді. 
      Бауыржан Күнтуар жетістігі: Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының қатысушы сертификаты; ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан – менің алтын бесігім» атты Республикалық интернет-байқауға қатысушы сертификаты; Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты география пәні бойынша ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері; «Мультфильмдердегі менің сүйікті кейіпкерім» Республикалық интернет-байқауының ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері; Наурыз мерекесіне арналған жасөспірімдер арасында бокстан Республикалық ашық турнирінде І дәрежелі Диплом жеңімпазы; «НұрБатырАстана» Республикалық клуб турнирінде бокстан ІІІ дәрежелі Диплом жеңімпазы; І Алматы қалалық Ашық біріншілгінде бокстан ІІІ дәрежелі Диплом иегері; Жетіген ауылының округі әкімінің жүлдесіне арналған «Былғары қолғап» атты бокстан  облыстық турнирдің  ашық біріншілігінде ІІ орын жүлдегері; «Болашақққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдығына арналған «Былғары қолғап» атты турнирдің І дәрежелі Диплом жеңімпазы;  Байзақ ауданының 80 жылдығы және қазақ боксының 85 жылдығына арналған  Сарыкемер ауылындағы Ж.Үшкемпіров атындағы №1 БЖСМ-нің облыстық Ашық турнирінде бокстан ІІІ орын жүлдегері; «Алматы Спорты – 2019» әлеуметтік жобасы аясында 11-17 жастағы оқушылар арасында шағын футболдан өткен жарыста ІІ орын жүлдесі; 34 кг салмақ дәрежесінде бокстан  Ашық біріншілігінде ІІІ орын жүлдегері; «Асық ату» бойынша «Спорттық Алматы» жарысында ІІ орын жүлдегері атанған.
      Сүйікті ісі: Күнтуар бокспен айналысып, дене қыздыру жаттығуларын орындайды. Ернат ән айтқанды ұнатады.
      Арманы:  Жоғары білім ала отырып, кәсіби маман атану.





Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости