«ЗЕҢГІР КӨКТІ БАҒЫНДЫРАР ҰШҚЫШ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ»
Туған жерінің әр атқан күнін бақытына балайтын зерделі өрен Аққұбаш Диас жер асты қазынаға толы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кентінде 2005 жылы 20 тамызда мерейлі отбасында дүниеге келген. Диас – ата-анасының қолғанаты, көзқуанышы мен ақ үміті. Еңбегімен елге сыйлы құрметті әкесі Болғанбаев Жұмабек Аққұбашұлы – «Вестойл» мекемесінде жүргізуші.
Перзенттерін аналық махаббатымен аялап, бар жақсыны беруді мақсат еткен асылзат анасы Сисекенова Меруерт Мизимбайқызы – «Маңғыстаумұнайгаз» саласының операторы қызметінде. Өте бауырмал, көпшіл, ақ пейілді, тілалғыш Диастың алдында үлгі тұтар ағалары: Еркин мен Ануар бар. Үлкен ағасы Болғанбаев Еркин – оператор болса, кіші ағасы Аққұбашов Ануар – қаржыгер қызметінде. «Балауса» балабақшасына барып, көп нәрсені үйреніп, жақсы мен жаманды ажырата бастады. «Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті» дегендей, қазіргі кезде алғыр ұлан Мұнайшы аулындағы №7 орта мектебінің 9 «Ә» сыныбында білім алуда. Кітап ішкі жан дүниеңнің, ой қабілетіңнің қалыптасуына, өмірдегі болмысыңа әсер етеді деген пікірдегі Диас бос уақытын кітап оқуға арнайды. Сүйіп оқитын ақындарының бірі – М.Шаханов. Жігерлі жеткіншек мектептегі барлық іс-шараларға белсене қатысып, жақсы қырынан танылып жүр. Ұлағатты ұлан футбол спортымен кішкентайынан айналысады.
Жетістігі: Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік Диас – оқу озаты, әр оқу жылын Мақтау қағаздарымен бітіріп жүрген сынып мақтанышы. Мектепішілік, аудандық, облыстық білім бәйгелері мен зияткерләк сайыстардың, спорттық жарыстардың жүлдегері. «Серікбол әлемі» І және ІІІ дәрежелі Диплом иегері. «Әдепті бала, инабатты қыз» сайысында ерекшеленіп, ІІІ орынмен Диплом иегері атанды. Білімпаз шәкірт Аққұбаш Диастың ата-анасына мектеп ұжымының атынан Алғыс хат табыс етілді. НГ «Энергетик» балалар сауқтыру мекемесінің «Үміт және тірек» номинациясы бойынша Мадақтама иемденді. . «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған Орыс тілі пәні бойынша Республикалық Қашықтық Олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін ІІ орынмен Диплом иегері атанды. Диастың әлі де талай жеңістерге жететіні хақ.
Сүйікті ісі: Футбол ойнау, өз ойларын ақ қағаз бетінде өрнектеу, табиғат аясында серуендеу, білімін жетілдіру, ата-анасына көмектесу.
Арманы: Туған жері мен туған ұлтына адал қызмет етуді мақсатына айналдырған зерек ойлы ұлан болашақта көкте қалықтар ұшқыш болуды армандайды.