Аип Дария

Рейтинг:
«ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАҚЫН, БІЛІМГЕ ҚҰШТАР, МАҚСАТЫ БИІК»
 
      Өмірге құштар, өнерге іңкәр, жүрегі дархан, көңілі көркем жас кім-кімнің де сүйсінуі мен қызығушылығын тудыратыны ақиқат. Талабы таудай, арманы биік жасөспірімдердің қатарында 2010 жылы 4 мамырда тағылымды тарихы бар Атырау  қаласында өмір есігін ашқан Аип Дария Берікқызы да бар. Текті әулеттің тәрбиелі қызы «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деген ұстаныммен бойжетіп келеді. Көненің көзіндей қариялар – баға жетпес қазынамыз. Дария – «Атаның емес, адамның баласы бол» дегенді жиі айтатын қазыналы қарттардың тұңғыш немересі. Биік болмысты асқар тау атасы Аип пен ақ жаулығы желбіреген, жүрегі елжіреген үлкен анасы Зәуреш –   жақсылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуден жалықпайтын ұлағаты мол жандар. Ынтымағы мол отбасының қамқоры мен тірегі, ардақты әкесі Джалмағамбетов Берік Аипұлы мен жан жылуы мол мейірбан анасы Есқайырова Нұргүл Сайлаубайқызы – бала тәрбиесін басты орынға қойған жарасымды жұптар қатарында. «Бауырмен өмір мәнді» деген ұғымдағы Дария сүйікті әпкесі Айгерімнен үлгі алып, өзінен кейінгі інісі Диарға барлық жағынан қамқор болып жүреді. Диар Берікұлы – Ш.Уәлиханов атындағы №9 мектептің 1 «А» сыныбының үздік оқушысы, отбасының көзқуанышы мен шамшырағы. Бауырлар өзара өте тату, қай кезде де бір-бірін айтпай ұғынысып, көмек беруге әзір тұрады. Балалықтың бал дәуренінің белгілі бір кезеңін артқа тастаған білімге, білуге ынталы Аип Дария қазіргі кезде Атырау қаласындағы беделді білім ордасы – Ш.Уәлиханов атындағы №9 мектептің 4 «Ә» сыныбында оқып, білім баспалдағымен біртіндеп жоғарылауда. Жанұяның жайнаған раушан гүлі, үкілеген үміті Дария Берікқызы – сынып белсендісі, оқу үздігі, ұстаздарының мақтанышы. Өрелі өрен ұстаздарының берген тапсырмаларын жауапкершілікпен орындап, сабақтан тыс уақытта қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысады. Ізденімпаз шәкірт Аип Дарияның ұлағатты ұстазы, сынып жетекшісі Абуова Жанатқа айтар алғысы шексіз. «Үйренгенімнен үйренерім көп» дейтін ынталы шәкірт бос уақытында өз білімін жетілдіріп, кітап оқуды әдетке айналдырған. Руханият әлеміне жақын арманшыл қыз бос уақытында би өнерімен де айналысады. Салауатты өмір салтын ұстанатын ұлағатты ұлан алтын ұя мектебін ойдағыдай бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, сапалы білім алып, кемел келешегінде өмірге бір кірпіш болып қаланып, Ұлы Қазақ Елінің гүлденуі мен дамуына өз үлесін қосуды армандайды. Талғамы жоғары, жібек мінезді, жаны ізгі жастың болашағы жарқын боларына сенімдіміз.
      Жетістігі: Дария Берікқызы – 1-3 сыныптарды «өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін» Мақтау қағазымен марапатталған оқу озаты, ата-анасының, мектебінің мақтанышы. Мектеп директоры атынан білімпаз шәкірттің ардақты ата-анасына «Сіздерге мектеп өмірінде ұстаздарға қолдау көрсетіп, мектеппен ынтымақтастықта болғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз!» деген мәтіндегі Алғыс хат табыс етілді. Спортқа жақын өрен «Шынықсаң, шымыр боласың» атты спорттық жарысқа «Балдәурен» командасының құрамында қатысып, І орын алған жүлдегерлер қатарына енді. 3-сыныпта өнерпаз шәкірт «Көктем аруы» сайсына қатысып, «Шебер ару» номинациясын жеңіп алды. 2018-2019 оқу жылында Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен Математика олимпиадасындағы жетістігі үшін ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 2020 жылы мектепішілік олимпиадада Математика пәнінен ІІ дәрежелі Диплом иегері атанып, марапат қоржынын толықтыра түсті. 
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, музыка тыңдау, би өнеріне байланысты қажетті ақпараттарды зерделеу, інісімен бірге  қолөнермен айналысу, анасына көмектесу.
      Арманы: Жоғары білімді маман, білікті заңгер, өз ісінің майталман шебері болу.



Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости