Абдуллаев Әмір

Рейтинг:

«ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ МЕН МАҚТАНЫШЫ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ»
 
      «Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң» деген ұстанымдағы көркем, ізетті, білімпаз өрен Абдуллаев Әмір Серікұлы ШҚО, Өскемен қаласында 2007 жылдың 28 наурыз күні дүние есігін ашқан. Ынтымағы жарасқан толық отбасында тәлімді тәрбие алуда. Өскемен қаласындағы «Балапан» балабақшасына барып, таным көкжиегін кеңейтті. Жаны жайсаң, көркем мінезді, қолөнерге біртабан жақын өнерлі өрен «Нұрорда» мектеп-лицейінде, мектеп алды даярлық сыныбында білім әлемінің есігін ашты. № 26 орта мектепте білімін жалғастырып сынып белсендісі, оқуға ынталы, озат оқушы болып, сонымен қатар қоғамдық жұмыстарда белсенді шәкірт сыныптастары мен ұстаздарының мақтанышы болды. Адамгершілік қасиетті алғашқы орынға қоятын дара тұлғалы әкесі Серік Абдұллаұлы – спорт құрылымында қызмет ететін Халықаралық дәрежедегі төреші, ұлдарына жақсы үлгі көрсетіп жүрген қамқор әке, абыройлы азамат. Жайсаң мінезді, келбеті көркем, жылуы мол, мейірімі ыстық анасы Әлия Еркінқызының мамандығы – дәрігер, бүгінде жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Ардақты ата-анасы – бала бақыты үшін бәріне дайын жандар. Сүйікті ата-апалары – Өскемен қаласының тұрғындары. Алдындағы арқа сүйер ағасы Елдос Серікұлы – Қытай  мемлекетінде Хуайянь қаласындағы Технологиялық университетіне 2018 жылы  грант негізінде оқуға түсіп, жоғары білім алуда. Білімге деген ынтасы жоғары өрелі өрен Әмір ағасы секілді болашақта жоғары білім алуды мақсат еткен. Бос уақытында жасыл алаңда доп қуатын ұлан салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатарында. Қазіргі кезде «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деген ұстанымдағы Әмір Серікұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шейх Халифа Бен Заид Әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицей» КММ-де білім көкжиегін бағындыруда.
      Жетістігі: Заман талабына сай ағылшын тілін жетік меңгеруді қалайтын заманауи шәкірт ағылшын тілін 7 жылдан бері үйреніп келеді. Ағылшын тілінен түрлі деңгейдегі курстардан өткендігі туралы Сертификаттардың иегері. Футбол спортымен тұрақты түрде айналысатын жас спортшының спорттың осы түрінен жетістікке жетіп, түрлі сайыстардың жүлдегері атанып, «Атақты қақпашы» аталымын иемденген ұланның алар биігі алда.
      Сүйікті ісі: Ғаламтор арқылы өзіне пайдалы ақпарат көздерін жинау, табиғат аясында демалу, тарихи фильмдерді көру, музыка тыңдау, спортпен шұғылдану.
      Арманы: Отбасы мүшелерінің бақытты болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау, олардан көмегін аямау. Келешекте жоғары білімді маман, өз ісінің шебері, танымал тұлға  атану, халыққа қалтқысыз қызмет ету.









Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости