Зупараш Жазира

Рейтинг:

    Жазира Қалмұханбетқызы 2008 жылдың 5 мамырында Оңтүстік облы-сы, Сарыағаш ауданы, Бозсу елінде дүниеге келген. Әжесінің сүйікті қызы №32 «Балдәурен» балабақшасына барып, танымдық қабілетін арттырды. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы №51 мектеп-гимназиясының 6 «Ж» сынып оқушысы. Шаңырақтың пайымды парасат иелері: атасы Пардакулов Зупарали мен әжесі Сапоқова Рахила – зейнеткерлер. Ардақты әкесі Пардакулов Қалмұханбет Зупараливич мен асыл анасы Асанбаева Ақмарал Алимжановна – балаларының болашағына алаңдайтын аяулы жандар. Көпбалалы отбасының тұңғыш перзенті Жазиранан артынан ерген қос сіңлісі Диана, Айзере мен інісі Алинұр бар.
     Жетістіктері: Бастауыш сыныбында математика пәні бойынша Республикалық Ұлттық Олимпиадасының жүлдегері ретінде II дәрежелі дип-ломмен марапат төрінен көрінді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Жалпы орта білім беретін мектептердің 1-4-сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген «Мен елімді сүйемін» атты байқауда мәнерлеп оқу бойынша белсенді қатысып, дарынымен көзге түскені үшін II орынмен марапатталды. Бастауыш сыныптар арасында қазақ тілі пәні бойынша Республикалық Ұлттық Олимпиадасының жүлдегері ретінде II дәрежелі марапат иесі атанды.
    Сүйікті ісі: Домбыра үйірмесіне барады. «Жас қаламгер» үйірмесінің мүшесі. Эскиз-дизайнға қызығады, киімдердің дизайнын сызады. Мәнерлеп өлең оқу – оның ең сүйікті ісі,әдеби кітаптарды оқығанды жақсы көреді. Спорттың каратэ түріне қатты қызығып жүр.
     Келешектегі арманы: Бала лар дәрігері болғысы келеді.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости