«АҚ ҚАНАТ ҚҰСТЫ АҚ АРМАНЫМ»
Мәңгілік Қазақ Елінің аспанында әуелете ән шырқап, биші қайыңдардай бұрала билеп, қазақ өнерінің көгінде жұлдыздай жарқырап келе жатқан дарынды жастар легі күн санап артып келеді. Ұлтымыздың тұғыры биік тұлғасы, киелі сахнаның
қадірін түсініп, ұлылығына балаған болашақ сахна өнерінің жарық жұлдыздары Тәуелсіз Қазақстанның әр аймағынан асқаралы шыңға қарай бой түзеу үстінде.
Сахна сәніне айналған сұлулар салтанат құрса, көркемдік пен нәзіктіктің символы болары сөзсіз. Осындай қаракөздеріміздің бірі – Сәтбаев қаласының тумасы Абдолла Іңкәр Арманқызы: «Арман – ақ қанатты аппақ құс емес пе?!. Мені алыс қияларға алып ұшады. Шығармашылық қабілетімді одан әрі жетілдіріп, өнер сахнасында өз келбетім қалыптасса деп армандаймын. Шетел асып, саяхат жасағым келеді. Заманауи уақытқа сай бірнеше шет тілдерін меңгеру үстінде талаптанып жүрмін. Ең бастысы, отбасы жақындарым мен қазақ елі үміт артатын, солардың сенімін ақтай алатын дарынды жас болып қалыптассам деймін», – дейді өнерлі ару. Талантты балауса Іңкәр Арманқызы 2009 жылы 24 тамызда Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келді. №36 «Ақбота» балабақшасынан өнерге деген қадамын бастаған талантты бүлдіршін 2014 жылы дайындық сыныбына барды. 2015 жылы №15 мектептің оқушы партасына отырған озат шәкірт. Білімнің тұнығына бой алдырған үлгілі оқушы Абдолла Іңкәр қосымша өнерін ұштау мақсатында, Сәтбаев қаласындағы Балалар өнер мектебінің «Хореография» бөлімінде дәріс алады. «Алақай» би ансамблінің талантты мүшесі. Өнегелі тәрбиесі мен байсалдылық болмысын кейінгі ұрпақтың санасына ұялатып отырған ардақты әжесі Мухамбеталиева Үздік, қайсар мінезді әкесі Мухамбеталиев Арман, аяулы анасы Мухамбеталиева Дина, арқа сүйер ағасы Абдолла Жайық пен қамқор інісі Абдолла Еділ – зерек ойлы Іңкәрдің тілеулес, ақпейілді жақын жандары. Арманқызы Іңкәр – Кіші жүз, Он екі ата Байұлы, оның ішінде Ысық руынан тараған шаңырақтың шаттығы.
Жетістігі: Бастауыш сыныптарында «Өте жақсы оқығаны үшін» Мақтау қағазымен марапатталған. «Тәуелсіздікке 25 жыл» суреттер көрмесінде Грамота иегері; «8 наурыз – Халықаралық əйелдер күніне» арналған «Көктем аруы» сайысында Бас Жүлде иегері; «Ақ Бота» интеллектуалдық марафоны сертификаты; «Алақай» би ансамблімен Алматы қаласында өткен ІІІ Халықаралық «BRAVISSIMO» байқауының І дəрежелі Дипломы мен лауреаты; Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Алақай» би ансамблінің құрамында V Халықаралық «Остров Талантов» байқауының І дəрежелі Дипломы мен лауреаты атанған.
Сүйікті ісі: Би билеу. Спортпен айналысу.
Арманы: Заманауи ағымдағы дизайнер маманы атану. К-РОР BTS тобының концертіне бару жəне топпен кездесуді армандайды.