«МЕН ЕЛІМЕ НЕ БЕРЕМІН ДЕГЕН ОЙДА ЖҮРЕМІН»
Ер мінезді, сергек, ойшыл, алдына үлкен мақсат қойып, бар күш-жігерін сол мақсатқа жетуге жұмсайтын Әнуар Маратұлы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданында 2003 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келді. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Мұнайшы ауылындағы сындарлы басшы, білікті маман Бүркітова Гүлзипа Нұрбауылқызы басқарып отырған № 5 орта мектебінде білім алуда. Адамгершілік қасиетті алғашқы орынға қоятын дара тұлғалы әкесі Абатов Марат Тулесинұлы – «МаңғыстауМұнайГаз» тепловоз
машинисті. Аналық құшағы мен мейірімі ыстық анасы Умарбаева Гюльнара Онгарқызы – орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз. Бауырмал Әнуардың алдында жанашыр әпкесі Ақмарал, ізінен ерген бауырлары Еркебұлан мен Айзере бар. Білім мен спорт саласын өзін жетілдіру жолында бойына біріктіріп, жетістіктің сәтті қадамынан бой түзеп келе жатқан Әнуар – республикалық, облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып, жоғары деңгейде жетістікке жетіп жүрген белсенді оқушылар қатарында.Талапшыл жастың мектеп бағдарламасы бойынша ұнатып оқитын пәндеріне ғылымдардың патшасы саналатын математика мен физика пәндері кіреді. Әнуарды түрлі сайыстардың жеңімпазы болуға жетелеген ұстаздары Мұғал Тұңғышбай, Бегімбетов Қайрат, Алпысов Руслан ағайлары. Салауатты өмір салтын ұстанатын заманауи жас қол күресі және футболмен айналысады. Руханият әлеміне жақын Әнуар өнер сайыстарының да жүлдегері.
Жетістігі: 2012 жылы аудандық жасөспірімдер арасындағы бокс жарысынан жүлделі ІІ орын, 2013 жылы осы жарыс бойынша І орын алған жеңімпаз. 2018 жылы облыстық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны сайысында «Газтұмылдырықты кию» номинациясынан ІІ орын, облыстық «Алау – 2018» әскери-спорттық байқауы «Атысқа дайындық» номинациясынан І орын, «Ерліктерің ұрпақ есінде!» облыстық патриоттық байқауының «Жеңіс туын желбіреткендер!» іздеу-зерттеу жұмыстары номинациясынан ІІ орын жүлдегері. Мектепішілік «Алтын күз» байқауы мен «Жігіт сұлтаны» сайысынан Бас Жүлде иемденіп, мерейі үстем болды. Облыстық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерінде «футболдан» өткен сайыста ІІІ орын алып, аудандық «Айбын – 2018» әскери-патриоттық жиынында І орын жүлдегері атанды. 2018 жылы аудандық «Отан қорғаушы» әскери-қолданбалы жарысында «Еденге жатып денені көтеру» бойынша І орын жеңімпазы. 2019 жылы ауылішілік «Қол күресі» спорттық жарысынан І орын, аудандық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында ІІІ орын, ауылішілік «Спорт – өмірдің көркі» атты марафоннан І орын, облыстық «Айбын» әскери- патриоттық жастар жиыны «Брусьядағы жаттығулар» номинациясы бойынша ІІІ орын алды. 2019 жылы әлеуметтік «Birinshi Jastar Oiyndary» жобасының іріктеу кезеңіндегі әскери-қолданбалы спорт түрінен, облыстық жасөспірімдер арасында өрттен құтқару спорты бойынша жарыста командалық ІІ орын жүлдегері. Ақтау қаласында жасөспірімдер арасында өрттен құтқару спорты бойынша өрт сөндіру эстафетасынан ІІ орын, аудандық «Мамандыққа жол ашамыз» сайысынан І орын иемденіп, мерейі үстем болды.
Сүйікті ісі: Спортзалда денесін шынықтыру, атқа міну, музыка тыңдау.
Арманы: Қазақстандағы спорт саласына өз үлесін қосу. Жоғары білім алып, ТЖМ мамандығын таңдап, халыққа қызмет ету.