Жанәбіл Бектемір

Рейтинг:

      «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген ұстанымдағы
ер мінезді,сергек, ойшыл ұлан Бектемір Ертайұлы 200 жылдық тағылымдық тарихы бар қасиетті мекен, Қызылорда облысы, Арал ауданында,ынтымағы мен берекесі мол толық отбасында 2009 жылы 27 қыркүйекте өмір есігін ашты. Адамгершілік қасиетті алғашқы орынға қоятын дара тұлғалы әкесі мен жылуы мол, мейірімі ыстық анасы – бала бақыты үшін бәріне дайын жандардың қатарында. Биік болмысты, жоғары ұстанымды ардақты әкесі Жайназар Ертай Күнтуарұлы – Қызылорда облыстық экология департаментінің бөлім басшысы қызметіндегі абыройлы азамат. Күндей нұрлы, көркем мінезді аяулы анасы Наурызбаева Жұлдызай Серікболқызы Қызылорда облысы «№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» КММ-де тәрбиеші болып жұмыс жасайды. Жанәбіл Бектемір– көпшіл, жігерлі, ізденімпаз болып өсіп келе жатқан болашақ  жігіт сұлтаны, отбасының тұңғышы, үкілеген үміті. 
 «Мақсаты биіктеген сайын адам да рухани толыса береді» дегенді басшылыққа алған, алдына үлкен мақсат қойып, бар күш-жігерін сол мақсатқа жетуге жұмсайтын өрелі өрен Қызылорда қаласындағы «Баян сұлу»  балабақшасында оң мен солын танып, әдеп әліппесін меңгерді. Балабақша қабырғасында жүріп-ақ зерек, алғыр, ұғымтал балдырған белсенділік танытып, мерекелік іс-шараларда ән салып, би билеп, өзгелерден өнерімен ерекшеленіп, бойындағы   қабілетін одан әрі  ұштай түсті. Түрлі деңгейдегі өнер сайыстарына қатысып, бақ сынап жүрген талабы таудай  балақай   2014 жылы «Ботақан» балалар эстрадалық өнерінің VII облыстық телевизиялық фестиваліне қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін Дипломмен марапатталды.
      «Үйренгенімнен үйренерім көп» дейтін Бектемір Ертайұлы қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы беделді білім ордасы С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейдің 4-сыныбында білім алуда. Сүйікті ұлдарын мектептен тыс үйірмелерге белсене қатынастырып, баласының талантын танытуда ата-аналық ықпалдарын көрсетіп, облыс, республика, халықаралық көлемдегі шараларға қатысуға қолдау көрсеткендері анық. Білім мен спорт саласын өзін жетілдіру жолында бойына біріктіріп жүрген Бектемір – халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып, жоғары деңгейде жетістікке жетіп жүрген белсенді оқушы, оқу озаты, сыныбының мақтанышы.
Руханият әлеміне жақынұлағатты ұлан– «Өнер мектебінің» домбыра класының шәкірті. Талантты жас танымал әнші Қайрат Нұртасты өзіне үлгі тұтады. Өнерге кішкентайынан жақын Бектемір көптеген өнер сайыстарының жүлдегері атанып та үлгірді. Атап айтқанда, 2019 жылы Жанәбіл Бектемір «Жұлдыз Арт» Халықаралық конкурс бойынша Гран-При иегері атанып, мерейі үстем болды. Осы жылдың қазан айында «Әлем планетасы» Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігі Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай балалар мен жасөспірімдер арасында «Мәңгілік Ел – Қазақстан»атты фестиваль өткізді. Бектемірдің күй орындаудағы шеберлігін тыңдаушылар мен білікті қазылар алқасы жоғары бағалап,өнерімен өрге жүзген дарынды жас фестивальдің Бас Жүлдесіне лайық деп табылды.2020 жылы Алматы қаласында «Тайжарыс» Халықаралық байқауы өтті, онда «күй» жанрында тамаша өнер көрсеткен Бектемір Ертайұлы І орын жүлдегері атанып, Диплом иемденіп, жетістік биігіне көтерілді.
      Салауатты өмір салтын ұстанатын жігерлі ұлан спортпен шұғылданып, денесін шынықтыруға да уақыт табады. Достарымен бірге ала доп қуалап, жасыл алаңда жасындай жарқылдайтын Бектемір табиғат аясында демалуды ұнатады. 
      Сегіз қырлы, бір сырлы болып өсіп келе жатқан Жанәбіл Бектемір Ертайұлы алтын ұя мектебін ойдағыдай бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, сапалы білім алып, кемел келешегінде еліміздің тамаша табиғатын сақтап қалуға өз үлесін қосып, әке жолын жалғастыруды мақсат еткен. Талғамы жоғары, мақсаты биік, жаңащыл жастың өз мақсатына жетіп, абырой биігінен көрінер азамат болары айқын. Биік белестерден асып, жетістікке жете бер, жұлдызың жарқырай берсін, жас қыран!


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости