Темир Асет

Рейтинг:
    Ізденіс адам баласын шыңдайды. Биікке талаптанған әрбір жан өмір мектебінің алғашқы баспалдақтарынан өтеді. Шынжырбекұлы Әсеттің алғырлығы мен зеректігі оны басқа балалардан қашан да ерекшелеп тұрады. Жаңа ғасыр – жаңа технологиялар дәуірінде ол екі жастан аса бере компьютерді меңгере бастады. Игілікті қадамы әлемнің жаңа қырын тануға тың серпін бере бастады. Зеректігі өз алдына, талабы таудай ұлдың жарқын болашаққа қадамы сәт сайын қарыштап келеді.
   Темір Әсет Шынжырбекұлы 2006 жылдың 9 ақпанында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында жарық дүниеге қадам басты. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатев туған күні дүние есігін ашқан балдырғанның тумысынан алғырлығына талай жан тәнті болды. Әкесі Теміров Шынжырбек Көжекбайұлы – мұнай саласының инженері болса, анасы Темірова Нұржамал Аташқызы – үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысып жүрген бақытты ана. Әсет «тәй-тәй» басқаннан-ақ түрлі қылықтарымен ел назарын өзіне аударта бастады. Ал екі жастан асқанда компьютерді еркін игеріп алады. Үш жасқа толғанда ғаламторға кіріп, бейнелерді іздеуді игерді.
    Теледидардан көрген орыс және ағылшын тіліндегі мультфильмдерден тіл үйренген балдырған бес жасқа толар-толмастан өз бетінше өзге тілдегі сөзді жаттады. Жүзге дейін орыс тілінде санап, әріптерді тани бастады. Ал телесабақтар мен ойындар арқылы ағылшын тілін де жетік меңгерді. Өз қатарластарынан оқ бойы озған оғлан мектеп табалдырығын аттағанда, үш тілді меңгеріп, жазу мен сызудан да қабілетті болды. Әлбетте, бұндай қабілетімен қатар оның алғырлығы, зеректігі мен ізденісі биікке жетеледі.
Темір Әсет – бұл күнде үш тілді еркін меңгерген білімдар. Білім ошағының озат оқушыларының көшін бастап жүр. Ағылшын тілін сөздік арқылы еркін аударса, орыс тіліне тілі жатық. Жаңа заман технологиясын жетік меңгерген балдырған компьютер, смартфондарда жұмыс істейді.
    Ол құрастырғанды ұнатады. Көңіл көкжиегіндегі дүниелерді қолға түсіргенде, әп-сәтте нұсқаулықтарына қарап, әрбірін өз орнымен қиюластыруда көз ілеспес шапшаңдығына тәнті боласыз!
  Төртінші сыныпта орыс тіліндегі «познания мира» атты сабақтан мектепаралық олимпиадаға қатысып, ең жоғарғы ұпайды жинап, І орынды иеленді. Бесінші сыныпты «өте жақсы» үлгеріммен тәмамдап, ұстаздарының қолынан мақтау қағазын алды.
    Ол болашақта компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеуді және сурет салуды бірізді жолға қойғысы келеді. Ақыл-ойды кемел тұсына жеткізер осы қос салада қарқыны жоғары маман атану – басты мақсаттарының бірі. Газет беттерінде оның салған суреттері жарқырап тұр. Ал ондағы кейіпкерлердің көпшілігі – Әсет көрген компьютерлік ойындардың белсенді мүшесі.
     Танымдық көкжиегің талантты болсын, дарынды ұлан!


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости