«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деген ұстанымдағы өнердің нұры, өмірдің гүлі болуды мақсат еткен Әмина Мәдібекқызы жасыл желекті Алматы қаласында руханиятқа жақын өнегелі әулетте 2006 жылы 5 шілдеде өмір есігін ашты. Тамыры тереңге кеткен тектіліктен нәр алып, сүйіспеншілікке бөленіп, қызғалдақтай құлпырып өсіп келе жатқан Әмина– отбасының үкілеген үміті, көзқуанышы мен жарқыраған шамшырағы. Биік болмысты, бір сөздіәкесі Дүйсенбеков Мәдібек
Құрманбекұлы мен шуағы мен шарапаты мол анасы Смайлова Гулназ Кантайқызы – жоғары білімді білікті мамандар, зиялы қауым өкілдері қатарындағы жандар.
Тумысынан өнерге жақын өрелі өрен ана тілін құрметтеу арқылы дүниетанымын кеңейтті. «Өнер алды – қызыл тіл» дегендей, өзге тілдерді жақсы білсе де, мемлекеттік тілге деген құрметі ерекше. Тіл жанашыры болып жүретін елжанды, ұлтжанды өрен өнерге де біртабан жақын. Қабілетті Әмина2012 жылы «Өнер мектебінің» шәкірті атанып, 2017 жылы аталмыш мектептің толық курсын бітіріп, «Қобыз» аспабын меңгергені туралы Куәлік иемденіп, өнер әлемінде бір саты жоғарылады.
«Білгенге – маржан, білмеске – арзан» дейтін білімпаз Құрманбек Әмина қазіргі таңда Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мамандандырылған гимназияның 8 «Г» сыныбында сапалы білім алуда. Бұл күнде өнер мен білімді ұштастырып, өз өнерін жетілдіріп жүрген ынталы шәкірт мектепте өтетін барлық іс-шараларға белсене атсалысады. «Сегіз қырлы, бір сырлы болу – менің идеалым» деген қағиданы басшылыққа алатын Әмина Мәдібекқызы – «Балапан телеарнасындағы «Әмиян» бағдарламасының бірнеше сандарының жүргізушісі ретінде қалың көрерменге жақсы таныс. «Алтын сақа, Әдемі-ай» бағдарламаларын жүргізу арқылы тележүргізушілікке кәдімгідей төселіп,шеберлігін шыңдай түсті.Сондай-ақ қиялы ұшқыр, ойы жүйрік өрен кино әлемінің есігін ашып, эпизодтық рөлдерге де түсіп үлгірді.
Әмина Мәдібекқызы – көптеген өнер байқауларына қатысып, жақсы нәтижесімен қуантып жүрген дарындыжас, «Жайдарман» тобының тұрақты мүшесі.«Әмиян» реали-шоуының белсенді қатысушы Құрманбек Әминаның ата-анасына «Balapan» телеарнасы ұжымының атынан Алғыс хат табыс етілді.«Anyzfilim»киностудиясының балаларға арналған арнайы актер шеберлігі курсына қатысып, Сертификат иегері атанды. «Steps to the stars»продюсерлік орталығы ұйымдастырған «Көркем-ай» өнер байқауының Вокал номинациясы бойынша Гран-При иегері атанып, мерейі үстем болды.2015 жылыРеспубликалық «Әнші балапан» балалар шығармашылығы 25 жылдық мерейтойына қатысушы ретінде Дипломға лайық деп табылды.2016 жылы өнерпаз өрен «Көктем мерекесі» атты І Республикалық балалар шығармашылық ән-би байқауының «Эстрадалық» вокал» номинациясының І орын жүлдегері атанып, Дипломмен марапатталды. «Көктем аруы – 2017» атты «Қыз сыны» байқауының Бас Жүлде иегері атанып, марапат биігінен көрінді.2017 жылыІІІ Республикалық «Балдаурен» атты ән-би байқауында жақсы өнер көрсетіп, І дәрежелі Дипломын иемденген. «Аспапты музыка, қобыз-прима» номинациясы бойынша «Күншуақ» Халықаралық фестиваль-конкурсында орта топ бойынша ІІ орын иемденіп, осы байқаудың «Вокал» номинациясының І орын жүлдегері атанды.«Первенство города Алматы» өнер байқауының ІІ орнымен Диплом иемденеді. «Жастар жаққан жұлдыз»атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз, ән-би байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша лауреат атанып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Халықаралық «Зимняя сказка в Алматы» фестиваль-конкурсының «Вокал» номинациясы бойынша І орын жеңімпазы, Диплом иегері атанып, Құрманбек Әмина жемісті еңбегіне лайық марапатқа ие болады.
Қолы қалт еткенде кітап оқып, музыка тыңдап, анасына көмектесуден жалықпайтын сезімтал қыз әдемі кештерде отбасына арнап әуезді ән шырқауды жаны сүйеді. Салауатты өмір салтын ұстанатын Әмина жазда табиғат аясында демалып, қыста конькимен мәнерлеп сырғанауды ұнатады, сонымен қатар би өнерімен де шұғылданады.
Заман талабына сай бірнеше тілдерді меңгеруді мақсат еткен қабілетті қыз өз болашағын өнер саласымен байланыстырғысы келеді. Жан-жақтылығымен, жоғары талабымен ерекшеленетін,«Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рақатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес» деген А.Чеховтің қанатты сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған Құрманбек Әмина кемел келешегінде атақты актриса және тележүргізуші ретінде халыққа танымал болуды, өнер көгінде жұлдыз болып жарқырауды қалайды. Біз де көңілі жайсаң, мінезі көркем, жүрегі дархан ару Әминаның жарқын болашағына сенеміз. Тек биіктерден көрініп, жетістіктерің көп болып, мақсатыңа жет, жас дарын!