СУРЕТКЕ ЖАН, ТАБИҒАТҚА ТІЛ БІТІРГЕН ТАЛАНТТЫ ҚЫЗ
Қазақ дәстүрінің болмысы саналған, ұмыт болып бара жатырған қолөнер бұйымдарын жасауды ұнататын Индира Қадырбергенқызы 2005 жылдың 14 қазанында Өзбекстан Республикасы Тахияташ қаласында дүниеге келді. Ата-жұртқа оралған өнерлі жас бүгінде, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылындағы №10 орта мектебінің 8 «В» сыныбын озат оқушылар қатарында бітірді. Қандай байқау болмасын суырылып шығып, оқу мен өнерде қамшы салдырмай келе жатырған талантты жас Батыр орта мектебінің бетке ұстар оқушысы, мектеп мақтанышы.
Ынтымағы берік, базарлы да бақытты шаңырақта балдан да тәтті балалығын өткізіп келе жатырған Индираның сөзге шешен, оқуға зерек, зейінді болып өсуіне ата-анасының ықпалы зор. Адалдық пен адамдықты әркез жоғары қоятын әкесі Әбдиев Кадирберген зейнет жасында болса, әулеттің береке-бірлігін кіргізіп отырған ақ жүректі анасы Бекниязова Гүлсім қырандар мен тұлпарларды тәрбиелеп отырған асыл жан. Шаршауды білмейтін, үлкенге деген құрметі ерекше, кішіге ізеті бөлек сымбатты Индира ның екі ағасы мен екі әпкесі бар.
Қыз өссе - елдің көркі, шаңырақтың шаттығы. Сабақ пен үйірме, мектепішілік шаралардан бөлек үй шаруасына да үлгеріп, көмек көрсететін Индира кішкентайынан тындырымды, тіл алғыш, әр ісін тиянақты атқарғанды жөн санайды. Жетістіктің үнемі дайындық, іздену, жалықпай оқумен келетінін түсінген дарынды жас мектептен тыс уақытын кітап оқуға арнап, пайдалы ақпарат көздеріне жүгініп, күн тәртібін тиімді істермен толықтырып отырады. Білмегенін сұрап, білімін жетілдіріп, үнемі алға ұмтылып, биіктерден көрінуді көздеген оқушы сынып белсендісі. Мектепішілік шараларда ұйымдастырушылығымен көзге түсіп, тез шешім қабылдап, жылдам әркет ету қабілетімен ерекшеленетін ол бір сыныптың ғана емес, бір мектептің үлгі тұтар шәкірті. Білімді ұрпақ ұлтымыздың болашағы екенін, сауаттылығы жоғары ұлт қана дамыған мемлекетке айналатынын жүрегімен ұғынып, білім алуға, ғылым игеруге бет алған Индира болашағынан зор үміт күттіретін қабілетті оқушы.
Жетістіктері: - 2018 жылы Бейнелеу өнері пәнінен өткен республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасынан Диплом;
- 2018 жылы Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасына қыздарға арналған «Технология» пәнінен қатысқаны үшін, Сертификат;
- 2019 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мектеп оқушылары арасында «Мой независимый Казахстан» тақырыбындағы Бейнелеу сайысының Жүлдегері;
- 2019 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық пәндік олимпиадасының мектепішілік кезеңінде ағылшын тілі пәнінен IV орын;
- 2019 жылы
www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада сайты «Математика» пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиададан Диплом;
- 2020 жылы Мұнайлы ауданы №10 орта мектепте «Химия, биология және география» апталығында «Жасыл оазис» атты сайыста «Егемендік сипаттар» аталымына ие болғаны үшін, «Мадақтама»;
- Оқушыларды қолөнерге баулу мақсатында ұйымдастырылған «Қолөнер – тәрбие көзі» атты көрмеге өз үлесін қосқаны үшін, « Мадақтама».
Сүйікті ісі: тоқыма тоқу, сурет салу, би билеу.
Арманы: ағылшын тілі маманы болу.