Молдабек Мүслім Маратұлы

Рейтинг:
Талантты Мүслімнің таудай арманы

      Қоғамдағы ең бағалы адам — өнерлі адам. Өнерлі адамдар – коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда өнер жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы да байқуатты болады. Ендеше, өне бойындағы дара өнерімен, білікті білімімен, келешекте елінің мәртебесін асқақтатқысы келетін дарынды шәкірттің бірі, бүгінгі мақаламыздың алғыр кейіпкері – Молдабек Мүслім Маратұлы.  
      Шырайы – шежіре, әр тасы – тарих, айшықты тарихы – аңыз болған Ақмола облысындағы   көрікті Көкшетау қаласының перзенті. Ол – осынау өлкеде 2011 жылы қыркүйек айының 5-ші жұлдызында өмірге келген. Кішкентайынан ата-анасынан ерекше тәлім-тәрбие алған Мүслім, ерте хат танып, тіпті, мектеп табалдырығын аттамай-ақ әліппедегі 42 әріпті де түгел жаттап, мәтінді зуылдатып оқи бастайды. Күндердің бір күнінде  ойы зерек, сөзі салмақты бүлдіршін осынау ерекше қабілетінің арқасында ата-анасының, жақындарының үкілі үмітіне айналып, сеніміне ие болады. Ата-анасы да талантты ұлдарын көп кешіктірмей мектепке беруге шешім қабылдайды. Осылайша, 2018 жылы бала Мүслім, Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназияның 1-сыныбының табалдырығын аттайды. Партаға алғаш отырған күннен, оқу-білімге деген ұмтылысы айтарлықтай ерекше болған талантты шәкірт өзінің зеректігімен көзге түседі Тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген демекші,  білімпаз кейіпкеріміз үлкенді сыйлап, құрметтеу, адалдық, шыншылдық, жуапкершілік қасиеттерді, үлгілі отбасындағы алтын тірегі – әкесі мен анасының өнегелі тәлімінен өр бойына сіңіріп өсті.
      Тылсым табиғаты ерекше көз тартарлық, Көкшенің ну орманының керемет келбетінен бойына ерекше нәр алып, бүгінгі күні 3 сыныпта білім алып жатқан Мүслім тектінің тұяғынан, асылдың сынығынан екендігі кейіпкеріміздің дара болмысынан-ақ көрініп тұр. Өне бойындағы кішіпейілділік, қарапайымдылық, бауырмалдылық секілді адамгершілік қасиеттері әкесі – Марат Молдабекұлы мен анасы – Ләйлә Жомартқызынан алған тәрбие арқылы қалыптасты.
      Кішкетайынан еңбекке деген ынта мен жауапкершілік, білмегенін үйренсем, білсем деген балғынның талабы таудай. Сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Кез - келген жағдайда адамдармен тез араласып, оңай тіл табысады. Мектепте қабырғасында өткізілген іс-шараларға белсенді қатысады. Ол – ешқашан оғаш қылық көрсеткен емес, керісінше, кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің тек жақсы жағынан ғана көрінеді. 
      Небары 9 жастағы Мүслім жас та болса кішкетайынан талайды таңқалдырып келеді.  Айталық, ол -   дайындық сыныбында анасымен бірге «Золотой ключик»  аудандық конкурсында «Қоқыстарды қоршаған ортаға нормалау әсері» атты зерттеу жұмысымен   топ жарып, жүлделі 1-орынға ие болды. Өзінің сөйлеу шеберлігімен, байсалдылығымен көзге көрінді. «Мен өскенде құтқарушы болғым келеді. Олар әр кезде адамдарға жанашыр»,- деп сөзін бастаған бала келешегінен үлкен үміт күттіретіндігін аңғарта білді. 
      Кішкентай  дарын иесінің қатарластарынан әлдеқайда өресі биік. Қазіргі, 7 жасар балалар ойыншықты жанына серік етсе, Мүслім ондай емес. Керісінше, кішкентайынан фортепианомен шұғылданады. Көкшетау қаласының музыка мектебінің фортепиано классы бойынша 2 сыныбында оқиды. Бос уақытын игілікті істерге арнағанды ұнатады. 
      1-сыныбынан бастап үздік оқушылардың қатарыннан көрініп келе жатқан Мүслім, көптеген білім олимпиадалары мен өнер додаларының жүлделі орын иегері. Мәселен, ол – халықаралық «Пони» байқауында өз бағын сынап, биік жетістіктерге жетіп,  жүлдегер атанды.  Сондай – ақ, Екатеринбург қаласында өткен «Бастауыш сыныптағы арнайы пәндерден халықаралық олимпиадада»  «III-дәрежелі диплом»-мен, "Тәуелсіз ел жастары «қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Әлем таныған Абай"   жобасы аясында, мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері арасында өткен Абай Құнанбайұлының «Қыс» атты өлеңін мәнерлеп оқудан республикалық байқауға қатысып, ерекше өнер көрсетіп, «I- дәрежелі диплом»-мен марапатталды. 
      «Педагогика жанашыры» республикалық педагогикалық ғылыми журналы мен Қазақстан педагогтарының  білімін дамыту және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы жеңіске – 75 жыл» тақырыбында республикалық жас таланттар байқауында «Азат елдің айбыны – қазақ әскері!» номинациясы бойынша видеоролик дайындау сайысында ерекше көзге түскені үшін жүлделі -1 орынмен, «Кенгуру- математика барлығы үшін» халықаралық зияткерлік конкурсында  жүлделі 3-орынға ие болды. Сондай-ақ, «Ертегілер көрінісі» сайысында құмырысқа рөлін сомдап, Көкшетау қаласы бойынша құмырысқа рөлі үшін «Гран - При» иегері атанды.
      Шығармашылықты жанына серік еткен Мүслім, әрбір мерекелік шараға белсене қатысып, сыныбындағы құрбы-достары мен апайларының, ата-анасының да мақатанышына айналып үлгерген бала. Қолы сәл босай қалса, өзінің сүйікті хоббиімен айналысқанды жақсы көреді. 
      Сапалы білім нәрі себілген баладан жаман азамат шықпасы анық. «Тегі асылдың – ұрпағы кемел» - демекші, таудай арман арқалап, тегіне тартып туған Мүслімнің болашақта – адами құндылықтарды дәріптейтініне сенімдеміз. Талабың оң болсын!
 
 
 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости