«Жасырғанның жарасы асқынады. Дерттіге дер кезінде көмек көрсетілсе ғана ауруынан айығып, тәніндегі түйткіл оңтайлы шешілері анық. Халқымызда аурудың шипасын Алла береді. Теконың амалын жасау маңызды керек деген ұғым бар емес пе!? Мен өскенде осы тәмсілге жүгініп, он екі мүшесінің біріне кінәрет түскен жандарға көмектесетін ақ халатты абзал маман атансам деймін. Дәрігерлік ант қабылдап, елге адал қызмет етуде емделушілердің тәнін ғана емес, жан жарасын да емдейтін дәрігер болу – басты арманым. Осы жүреу қалауыммен таңдаған мамандықтың биігіне шығып, елдің алтын қолды, білімді, іскер денсаулық сақшысы атансам деген ақ тілегіме жету мақсатында тынбай іздену керектігін білемін» деп «Өскенде кім боласың!» деген біздің сұрағымызға еш тосылмастан жауап берген Қазақстан болашағы Достаева Альбина Айболатқызы өресі биік, ойы ұшқыр ару.
Талабымен тау көтеретін Толағайдай тек биіктерді бағындыруды басты межесіне алған ақ арманның иесі Альбина 2003 жылы 31 желтоқсанда баурай жасыл желекпен оранған, мәңгілік жасыл қала Алматы облысының Ұзынағаш селосында, Үмбетәлі ауылында дүниеге келген.
Әкесі Айболат пен анасы Гүлжамалдың тұңғышы «ата-ана үмітін ақтау – перзенттік парызым» деген ұстанымда. Бала кезінен бой түзеп, нақты көзқарастарын қалыптастырып келеді. Жігері жасымайтын, даналығы тереңде жатқан кісілердің ақылынан бой түзеп, заңғар көкке ұмтылған Альбина отбасында бауырларының үлгі тұтар әпкесі. Інісі Мирас пен Эльмира, Ақнұр сіңілеріне қамқорлық танытуда асқан мейірбан. Көпбалалы отбасында дүниеге келіп, балдырған кезінде Ақтау қаласындағы №53 балабақшаға барған Альбина сол кезден бастап алғыр, пысық. Бөбекжайда мерекелік іс-шараларда белсенділік таныта жүріп, бірнеше байқауларда топ жарған.
2009 жылдың күзінде №3 орта мектептің 1-сыныбына оқуға деген зор құштарлықпен қадам басқан Альбина онда екпінді оқушылардың алды болды. Кейін 7-сыныптан бері №11 мамандандырылған физика-математикалық бағытта мектепке ауысты. Жаңа ортаны жатсынбай, ортаға тез бейімделетіндігінің арқасында белсенді өрен ұстаздарының сүйікті, дара шәкіртіне айналды. Сабақта кез келген сұраққа бірінші қол көтеріп, жауап беріп, алғырлық танытқан ол қазірге дейін жан-жақты ізденіс кезеңінде жүр.
Алғыр ойды серік етіп, жақсылық нұрын жиған ел үміті 2014 жылы «Ақмаржан» жазғы сауықтыру лагерінде өткен «Ақмаржан аруы» сайысынан І орын, «Салем» мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру орталығынан «Мисс милашка» конкурсына қатысқаны үшін грамота алды.
«Ақылды қыз білімге жүгіреді» дегендей жас дарын ақылын толықтырудың нәтижесінде, 2015-2016 оқу жылында «Облыстық саноториялық мектеп-интернаты» КММ-деқоғамдық жұмыстарға белсенділік танытқаны үшін алғыс хат және мадақтама қағазын алды.
Талабына талап қосып, 2016-2017 оқу жылы барысында заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді әрі дарынды оқушылардың қалыптастыру мақсатында жүргізілген «Сынып үздігі» байқауында ұшқыр ойымен көзге түскені үшін «Сынып үздігі» номинациясымен марапатталған.
Жылт еткен сәулеге сөзімен емес, білімімен жүгіретін зерек ару 8 наурыз халықаралық Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылған ағылшын тілі бойынша мәнерлеп оқу сайысынан ІІ дәрежелі диплом иеленсе, 5-сыныпта да «Аналар күні» мейрамына орай өткізілген жарыста мәнерлеп оқудан көп ішінде дараланып, ІІ орынға табан тіреді.
Әр сайыстағы марапатты тек жетістік деп есептемей, алдағы бақыт жолына тұсбағар деп есептейтін Альбина Айболатқызының оқушылық келбеті әзірге осы. Алда оны шығармашылық өрлеу, мамандыққа машықтануға жетелейтін таным торабы, сәттілік есіктері күтіп тұр.
«Ақ халатты дәрігер, денсаулық сақшысы боламын!» деген арманыңа жетіп, қазақ медициасының тарихында аты алтын әріптермен жазылатын алтын қолды дәрігер атана бер, Аяулым!
Аяулы арманың баянды бақытыңның бастамасы болғай!