Лесбай Дәурен

Рейтинг:

      Жас буынды бақытқа бөлеу – отбасындағы тәлімді тәрбие мен мектеп қабырғасында берілген тағылымды тәрбиенің негізінен бастау алады. Мәңгілік Ел Қазақстанныңжарқын болашағы саналатын бүгінгі ұрпақ та үлкеннің ұлағатымен біліктіұстаздары бағыттаған даражолда есейіп келеді. Жасампаз елдің ертеңін бірге қалайтын өрендер бүгіннен бастап ел дамуына үлес қосуда. Олар үздік сабақ үлгерімі, білімінің жоғары көрсеткіші, оқушыларға арналған интеллектуалдық жарыстарда оқушылық келбетін, танымдықдеңгейін көрсету арқылы отандық білімнің дамуынатамшыдай болса да өз үлесін қосуда.Ал, келешектің арайлы таңында кемел білімін еліміздің өркендеуі үшін жұмсайтын сондай жастардың қатарында Сүйіншіұлы Дәуренде сап түзеп келеді.         Лесбай Дәурен –2005 жылы Түркістан облысы, Шардара қаласында дүниеге келсе де, бұл күнде Алматықаласының тұрғыны. 2007-2009 жылдарыаралығында Қазақстан ауылында тұрып, осы ауылдағыбалабақшада бүлдіршін шағын өткізді. 2010жылы қазіргіТалдықорған облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш селосына отбасымен бірге қоныс аударған жас өренаталған жылы осы селодағы Ш.Уәлиханов атындағыорта мектебінің мектепке дейінгі дайындық тобында танымдық қабілетін жетілдіріп, орыс тобында тәрбиеленді. 2011 жылы оңтүстік астананың төріне қоныс аударған шаңырағымен бірге Алматы қаласына бет бұрады.Сол жылы Алматы қаласы Алатау ауданындағы №26 мектептің бірінші сыныбы оқушылары қатарына қабылданып, 7-сыныпқа дейін осы білім мекемесінің озат шәкірті атанып, мектепішілік іс-шараларда ерекше болмысымен дараланды. Ілім мен білімнің жарық сәуле екенін түсіне отырып, 7-сыныбынан бастап Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы №24 физика-математика бағытында тереңдетілген білім беретін лицейіне бағын сынап, емтихан тапсырды.Жолы ашық, қадамысәтті болған дарынды жас –бұл күнде аталған лицейдіңбелсенді де алғыр оқушыларының бірі. 
      «Ұлым менің ұлықты, қызым менің қылықты» деп бағалайтын отбасының қос бәйтерегі әкесі Сүйінші – механизатор кәсібі иесі болса, аяулы анасы Айгүл – жеке кәсіптік мекемеде куратор. Дәуренді«арқа сүйер азамат ағам» деп сыйлайтын қарындасы Балауса – ата-анасының қымбат қазынасы. Лесбай әулеті – сыйластық пен қарапайымдылықтың құндылығын балаларына ұлықтап келе жатқан жарасымды жанұя.Қазақелініңбасына қонған бағы – егемендікті,тәуелсіздікті құндылыққа балайтын зерделі өрен, білімдар жастыңоқушылық кезеңде жеткен жетістіктерітолассыз. Ұлы ақынАбайдың «Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз...» деген өлең жолдарынан қанаттанып ұшқан жас ізденуші Лесбай Дәурен ғылымның даңғыл жолының алғашқы баспалдақтарынан да сүрінбей өтіп келеді. 2014 жылы VІІІ республикалық «Зерде» оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының конкурсында ІІ орын жүлдегері атанып, арнайы дипломмен марапатталды. Аталған жылы Болгария қаласында өткен халықаралықолимпиадада математика пәні бойынша білімін сараптап, І дәрежелі диплом мен медаль иегері атанып, ел абыройын асқақтатуда сүбелі үлесін қосты. 2014-2015 жылдары да математикалық қабілеті ерекше ұлан осы пәннің жеңімпазы атанып, І-ІІ орындарды қанжығасына байлайды.
      Лесбай Дәурен – халықаралық «НАЛАНДА» онлайн олмпиадасының бірнеше мәрте жеңімпазы. 2015-2016 жылдары аталған олимпиадада қазақ тілі пәні бойынша қатарынанІ орын, математика пәні барысында ІІ орын, ағылшын тілі пәні бойынша ІІ орын жүлдегері атанып, отбасының қуанышын еселей түсті. Ата-анасының үкілеген үмітін ақтап, оқушылық портфолиосы жетістіктер марапатымен толысты.
«Талаптыға нұр жауар» дегендей, талантты ұлан сурет салып, шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыстармен де айналысады. Көркем шығарма оқып, рухани қазынасын молайтады. Сөйлеу шеберлігі мен тілдік қабілетін жетілдіріп отыруда үздіксіз ізденіс үстінде жетіліп жүр. Спорттық додада да шыңдалып, шығыс жекпе-жегімен айналысуды да ұмыт қалдырмайды.Келешектің қамалында дәрігер-травматолог болуды көздейтін ойлы өрен кейде заманның ағымына лайық заманауи қаржыгер атануды да ойлап қояды. Қалай десек те, «Талпынған жетер мұратқа» демей ме данышпан қазақ халық?!..
      Жарқын болашақтың іргесін қалайтын дарынды жас Лесбай Дәуреннің шығар шыңы шарықтай бермек. Бастысы, жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, үнемі алға қарай ұмтылысы – оны заңғар көкке алып ұшады. Сол жолда мақсатшыл, заманауи тұлғалы жасты ұлы ақынАбайша айтқанда, «еңбегі менақылы екі жақтап алып шығатыны»сөзсіз ақиқат!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Гүлмира- 24 февраля 2021 14:58
Жаным бауырым Дәурен жетістіктерің арта берсін.Алға қойған мақсаттарың орындалсын.Биіктерден көріне бер.

Ақтілек- 24 февраля 2021 16:57
Талабың өрге жүзсін.Биік шыңдардан көріне берсін.🤲Дәурен жарайсың! 

Последние новости