Бұл уақыт – қайтып оралмайтын бақытты шақ
Әр кезеңнің өзіне тән – мақсаты мен міндеті бар болатыны секілді, баланы заманына қарай тәрбиелеу – қоғам талабы. Бұл орайда отбасылық тәрбиенің орны бөлек болып қала бермек. Сондықтан әрбір ата-ана ұрпақ өсіруде қоғамға сай әрекет жасауы қажет. Болашақта балаңыз алғыр әрі жақсы маман болсын десеңіз, қазірден санасына керек емес ақпараттарды сіңдіре берудің қажеті жоқ. Өйткені, бүгінгі күннің балалары – өздеріне не керек, ненің керек еместігін жақсы біледі. Ендеше, дәл осындай атқа лайық алғыр балалардың бірі, кезекті мақаламыздың кейіпкеріне айналып отыр.
Өзін, азан шақырып қойылған есімі – Байдалы деп атағанды жақсы көретін 14 жастағы қаламгер бала, еліміздің ең ірі өнеркәсіптік, экономикалық және мәдени орталығы аталып кеткен – Павлодар қаласының тумасы. Ол 2006 жылы наурыз айының 11-шы жұлдызында көп балалы отбасында дүниеге келген.
Әкесі – Токубаев Қажымұрат Іскендірұлы, жоғарғы білімді экономист. Қарағанды, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында, қалалық және аудандақ салық комитеттерінде бірінші басшы болып, еліміздің экономика саласын өркендетуге ат-салысып жүрген белсенді тұлға.
Ал, анасы Бекембаева Зәмзәгүл Төлеуқызы білім саласының үздігі. Жоғарғы білімді педагог. Отбасында бес бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана.
Шаяхмет, Мырзахмет есімді ағалары мен Рахат, Ақбота есімді әпкелері бар Байдалы – өзінің алдынғы буын аға әпкелерін үлгі тұтып, үнемі мақтанышпен айтып жүреді. Өйткені зейінді кейіпкеріміздің бауырлары, ол үшін - шынымен де атақ пен мадаққа лайық-ақ.
Айталық, Байдалының үлкен ағасы Токубаев Шаяхмет Қажымұратұлы – жоғарғы білімді заңгер. Отбасылы, жеңгесі Самал, жанбауыры Алтынбек. Шаяхмет еліміздің атын әлемге танытып жүрген жастардың бірі. Қазіргі таңда PJD докторантура жобасы бойынша құрлық асып, Англия елінде білімін жетілдіруде. Сол елде отбасымен өмір сүруде.
Ал, үлкен әпкесі Токубаева Рахат Қажымұратқызы - жоғарғы білімді экономист. Қазір тұрмыста, жездесі Азамат. Рахат Қожағұл жұртының түтінін түтетіп отырған текті әулеттің келіні, әрі екі
баланың анасы. Байдалының Рахат әпкесінен артынан ерген жиен қарындасы Фатима мен Абдуллаһ есімді сүп-сүйкімді жиен інісі бар.
Одан кейін, кіші ағасы Қажымұрат Мырзахмет Қажымұратұлы – жоғарғы білімді инженер, электро-энергетик. Өз ісіне шебер маман иесі. Мырзахметтің жұмыстастары оның ер жігітке тән парасаттылығы мен көрегендігін, інісі Байдалыға үнемі үлгі етіп отырады.
Үйіндегі кенже қыз Байдалының кіші әпкесі Қажымұрат Ақбота Қажымұратқызы – жоғарғы білімді инженер. Ол да үлкен әпкесі сынды бір отбасының шаңырағын жарық қылып отырған жас ана. Темеш әулетінің келіні, жездесі Сырымбет, тәп-тәтті жиен қарындасы Дәрия өсіп келеді.
Мінекей, берекелі, ырысты әрі бауырлары бір-біріне бауырмал отбасында дүниеге есігін ашқан бала Байдалы аға-әпкелері сынды білімді болып ержеткісі келеді.
Ұлының бала арманын ақиқатқа айналдыру үшін ата-анасы оны 2012 жылы Теміртау қаласында жаңадан бой көтерген қазақ мектептерінің біріне оқуға береді. Дегенмен, Байдалы бұл білім ордасында ұзақ оқымады. Ол 1-ші сыныпқа қабылданған оқу жылының екінші жартысында-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының 70 мектеп-лицейіне ауысады. Содан бері осы мектептің үлгілі шәкірті атану жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Биылғы жылы 9-шы сыныпқа қадам басты. Мектеп табалдырығында түрлі мәдени шараларға қатысып, бәйгелерде жеңісті тұғырлардан көрініп келеді. Жүлдесінің дені – әдеби байқаулар бойынша. Шығармашылықты жанына серік еткен ол - «Диплом»,«Ұлылар үндестігі» - атты мәнерлеп оқу байқауында II орын, диплом II дәрижелі, және мектепшілік «Зерде» - атты 5-7 сыныптар арасында өткен ғылыми жоба және «I дәрежелі диплом» иегері атанды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындырлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» - атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын білім беру ұйымдарының педагоктары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында, Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ» - атты республикалық «Батырлар жырын» жатқа айту конкурсынан «Бас жүлдені» қанжығасына байлады. Алғыр шәкірттің осындай үлкен жетістіктерге жетуіне ата-анасы мен оқытушы-мұғалімдерінің тигізген еңбегі зор.
Байдалы өзінің мектептегі білгірлігінің, белсенділігінің арқасында еліміздің көптеген қалаларына дарынды оқушылармен бірге тегін саяхат жасады. Балғын шәкірттің: Көкшетаудағы жасөспірімдерге арналған РОСО «Балдаурен» лагеріне демалуға барғаны, ондағы табиғаты тамаша, көрікті жерлерде демалғаны, балалармен достасып көңіл көтерген сәттері әлі күнге дейін есінде. Ол өзінің Балдаурен лагерінде де үлкен жетістіктерге жеткенін, сағынышпен жиі есіне алып отырады.
Сонымен қатар, Байдалы жаз мезгілінде ауыл баласының кейпіне еніп, жайлауға барады. Атқа мінеді,мотоцикл тебеді.Мұнда қазақтың ата-салтын берік ұстанып, жаздай жайлауда мал өсіріп, күн кешіп жатқан әкесінің кенже інісі Саят көкесіне көмектеседі. Көкесінің қасында жылқы мен сиыр қарасып жүріп, бие сауысуға жәрдемдеседі.
Мінекей, 14 жастағы кейіпкеріміздің балалық шағы өздеріңіз оқып отырғандай қызықты сәттермен өтуде...
Сіздер де, Байдалы секілді үлгілі оқушы болсаңыздар өз балалық сәттеріңізді шаттықпен өткізе аласыздар. Себебі, бұл уақыт – нағыз армандардың орындалатын шағы.