Моминова Дана Айбекқызы – 2010 жылы 10 шілдеде киелі Түркістан қаласында туған. Дәрігерлер отбасының көптен күткен тұңғышы. Дана бала кезінен ашық-жарқын, көпшіл бала болып қалыптасты. Көпшілік ортада адамдармен тез тіл табысып кететін Қазақстан болашағы тумысынан спорттық бағытқа жақын. Табанды және өзіне не керек екендігін жақсы білетін қасиеті оны кез келген жағдайда нақты шешім қабылдаууына көмектеседі.
Табиғи болмысы әділдік пен шындыққа бейім Дананың адамгершілік қасиеті де дара. Әсіресе, ішкі интуициясы жақсы дамыған. Жарасымды жанұясы оған өмірге келгелі рухани тәрбие беріп келеді. Бауырлары мен ата-анасының ортасында бақыт теңізін кешіп жүрген Дана аруға отбасының береке-бірлігі аса маңызды. Оның отбасында бір-біріне деген сыйластық пен сенім басты орында. Тұлғалық даму сатысында адамгершілік қағидаларына негізделген тәрбиеден тағылым алуда.
Адалдықтың ақ туын жықпайтын әкесі – Моминов Айбек Абдуфаттахұлы 1983 жылы туған. Асқар таудай намысы биік әкесі қалалық орталық ауруханада анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып жұмыс істейді. Жүзінен мейірім шуағы төгілетін анасы – Абдрашитова Шахида Рустамқызы 1985 жылдың тумасы. Анасы – «ГирудоМедЦентре» ЖШС-мен бірлескен мекемеде гирудотерапевт және Түркістан қалалық емханасында гинеколог дәрігер.
Ақылы дара Дана қыздың 2012 жылы туған Моминова Жұлдыз Айбекқызы атты сүйкімді сіңілісі бар. Жұлдыз сіңілісі – «Нұрболашақ» мектеп-гимназиясының 1-сынып оқушысы.
Ата-анасы қыздарын ұлттық салт-дәстүр шеңберінде тәрбиелейді. Әсіресе, үлкендерді сыйлау, кішілерге ізет көрсету секілді игі құндылықтарға баулиды.
Дарынды қыз 2016 жылы №13 Алишер Навои атындағы мектеп-гимназиясына оқуға түсті. Ол бүгінгі таңда өз ісінің кәсіби шеберлерінен, Айтметова Гульчехра секілді білікті ұстаздардан дәріс алып, білімнің тереңіне бойлауда. Білімі мен уақытын, күшін сарп етіп, балаға үйретуден жалықпайтын мұғалімі өте парасатты жан. Осындай білікті педагогтың озық ойлы шәкірті болашақта өз елінің дамуына үлкен үлес қосары анық.
Таным көкжиегін дамытуға көп көңіл бөлетін Дана, бұл күнде 3-сыныптың озат оқушысы. Дана мектептің шығармашылық және қоғамдық өміріндегі іс-шараларға өте белсенді. Бірнеше рет мектепішілік олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы атанып та үлгерді. Әрине қандай марапатқа жетсе де, өзінің таланты мен отбасының, ұстаздарының қолдауы мен сенімінің арқасында жетіп жүр. Сол үшін Дана барша жанашырларына алғыс айтады.
Сыныбында көшбасшы Дана қатарластарының өзіне деген құрметіне ие. Мектепте сыныптан тыс кез келген бағыттағы шараларды үлкен ынтасымен ұйымдастырады.
Тапсырылған іске білек сыбана кірісетін Дананың интеллектуалдық қабілеті де жоғары деңгейде. Күрделі математикалық мысалдар мен тапсырмаларды шешкенді ұнатады. Ақыл-ой дамуының көрсеткіші саналатын шахмат ойынына қызығады.
Терең білім алуға талпынысы жоғары Дана, 2016 жылы қалалық мектепішілік олимпиадада математикадан І дәрежелі орынға ие болды.
2016-2017 оқу жылында үздік оқу үлгірімі және марапаттары мен оқудағы жетістіктері үшін «Алтын Жұлдыз» медаліне және дипломға қол жеткізді.
2018 жылы «Ақ желкен» облыстық деңгейдегі интеллектуалды-лингвистикалық олимпиадаға қатысып, І дәрежелі диплом және қатысқандығы үшін сертификатпен марапатталды. Ағылшын тілінен қалалық олимпиадалық жарыста жүлделі І орын иегері атанды. Сондай-ақ, 2018 оқу жылын үздік бітіргені үшін тағы да «Алтын жұлдыз» медалін алса, «Дарынды жастар» байқауында үшінші рет алтын медаль тағынды.
Данаға ата-анасының қызмет саласы қатты ұнайды. Тіпті, болашақ мамандығын таңдап қойған. Ол анасының жолын қуатын гинеколог дәрігер болуды армандайды. Қазірдің өзінде Дана табиғаттану пәніне үлкен мән береді. Адам организмінің жаратылысын зерттеуге көңіл бөледі. Осы тақырып бойынша қосымша оқулықтарды өз бетінше іздеп оқиды.
Жас дарын мектепті үздік нәтижемен бітіріп, жоғары оқу орнына грант негізінде оқуға түсуді армандайды. Кәсіби білікті маман болып, адамдарды емдеп, барлығының денсаулығын жақсартуды қалайды.
Міне, осындай игі арман-мұраттары бар Дананың өмірі ғұмырлы, еңбек майданындағы ісі жемісті болсын! Жолынан тек адамзаттың төрелері кездессін!
Моминова Дана Айбековна родилась 10 июля 2010 года в городе Туркестан. Она – первый и долгожданный ребенок в семье врачей. Дана в детстве была довольно веселым и озорным ребёнком. Общительная по характеру, она быстро сходится с людьми. Тем не менее, Дана спортивная и смелая натура, ей присущи решительность и упорство. Она достаточно правдивая личность и у неё хорошее знание человеческой психологии и прекрасно развитая интуиция.
Семья Даны стала для юного дарования колыбелью духовного рождения. Благоприятной средой для эмоционального и нравственного формирования ее личности стали теплые и доверительные отношения с родителями и младшей сестренкой. Ее отец, Моминов Айбек Абдуфаттахович 1983 года рождения, работает врачом-анестезиологом и реаниматологом в Центральной городской больнице, а мама, Абдрашитова Шахида Рустамовна 1985 года рождения, работает врачом-гинекологом в Туркестанской городской поликлинике, по совместительству врач-гирудотерапевт в ТОО «ГирудоМедЦентре». У Даны есть младшая сестренка, Моминова Жулдыз Айбековна, 2012 года рождения. Она – ученица 1-го класса школы-гимназии «Нурболашак». Родители воспитали девочек в духе народных традиций, прививая им главные качества – уважать старших, почитать младших.
В 2016 году одаренная девочка поступила в первый класс школы-гимназии №13 имени Алишера Навои. Обучает ее профессионал своего дела, высокообразованная учительница Айтметова Гульчехра, которая вкладывает душу и сердце в каждого своего воспитанника. Много знаний, сил и времени отдает она своей одаренной ученице Дане, помогая ее широкому и разностороннему развитию. В настоящее время наша юная героиня является ученицей 3-го класса. Она учится на «отлично», принимая активное участие в общественной и творческой жизни школы, неоднократно становилась призером многих школьных олимпиад и конкурсов. В классе ее уважают и она является заводилой, организатором каких-либо внеклассных мероприятий. Дана обладает высокими интеллектуальными способностями, любит решать сложные математические примеры и задачи. Увлекается игрой в шахматы. Стремление к глубоким знаниям проявляется и в участии добросовестной и умной ученицы в различных конкурсах и соревнованиях по учебным предметам.
Так, талантливая девочка Дана в 2016 году, приняв участие в городской школьной олимпиаде по математике, стала обладателем I-го места. За 2016-2017 учебный год за особые успехи и достижения, а также отличную учебу была награждена дипломом и медалью «Алтын Жулдыз». В 2018 году приняла участие в областной интеллектуально-лингвистической олимпиаде и стала обладателем диплома за I-е место и сертификата «Ак желкен». Приняв участие в городской олимпиаде по английскому языку завоевала I-е место. За успешное окончание учебного года с «отличием» в 2018 году награждена медалью «Алтын жулдыз». Третья золотая медаль была получена за участие в конкурсе «Дарынды жастар».
Профессия ее родителей очень нравится нашей юной принцессе, и Дана уже определилась с выбором будущей профессии: она мечтает стать врачом-гинекологом, как мама. Уже сейчас она больше внимания отдает естественным предметам, интересуется строением человеческого организма, читает дополнительную литературу. Юное дарование мечтает о главном – окончить школу с «отличием» и поступить на грант в высшее учебное заведение. Стать высококвалифицированным специалистом, лечить и приносить здоровье всем людям. Приносить пользу Родине, трудиться во благо своей страны. Стать достойным гражданином Республики Казахстан!