АРМАНЫМ – ҰЛЫ КӘСІПКЕР АТАНУ
«Меніңше, армансыз адам болмайды. Арман – сені болашаққа жетелейді. Ол – өміріңнің айнасы. Бірер жылда мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, асқақ армандарыма қол созбақпын. Мектепті бітірген соң, «American University in Bulgaria» атты Еуропадағы ең атақты университеттерде экономика саласы бойынша «бакалавриат білім бағдарламасын» игерген сауатты маман болуды мақсатыма ұстанамын. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, әрі қарай білімімді жетілдірудің жаңа жоспарын зерделеп қойдым десе де болады. «Мақсаты жоқ адам – өзгенің мақсаты үшін жұмыс істейді» деген ұғым бар ғой. Ал, мен өз мақсатыма жету үшін, жұмыс жасауды межелеп отырмын. Сондықтан, болашақта өз корпорациямды құруды армандаймын. Арманымды мақсатқа айналдыру жолында ізденістен таймаймын. Қазақ экономика саласының жетекші маманы, ғылымның сара жолында «Ұлы кәсіпкер» атану – ең үлкен арманым», – дейді Диас. Дарынды жас 2002 жылы 2 қыркүйекте Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген. Бүгінгі таңда Ақтау қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының үздік шәкірті.
Алғашқы білім алған ошағы – Құрық орта мектеп-гимназиясы. Бос уақытында футбол ойнап, кітап оқығанды ұнататын бозбала «шет тілін меңгеру – аса маңызды» деген көзқарасты берік ұстанады. Сабақтан тыс уақытында ағылшын, француз және түрік тілдерінде өлең тыңдап, жапон және корей тіліндегі шығармаларды оқып-аударуға зейін бөледі. Осындай жан-жақты ізденетін оқушының оқушылық толағай табыстары да сан алуан.
Болашақ экономика саласы маманының жетістіктері:
• 1-сыныптан бастап оқу үздігі, жыл сайын мектеп директоры атынан алғыс xаты және мақтау қағазымен марапатталған;
• 2012 жылы облыстық «Өз жүрегіммен» атты «мәнерлеп оқу» сайысында жүлделі II орын;
• 2014 жылы Алматы қаласында дарынды оқушыларға арналған «XXI ғасыр көшбасшысы» тақырыбындағы зияткерлік сайыста жоғары көрсеткіші үшін жеңімпаз;
• 2015 жылы 22 қыркүйекте Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы xалықтарының тілдері мерекесі аясында өткізілген «Тіл – татулық тірегі» атты апталық шарасында ағылшын тіліндегі «Friendship» облыстық байқаудың II орын жүлдегері;
• 2015 жылы мектепаралық физика пәнінен «Balloon Powered car» жарысында «Ең ұзақ қашықтыққа жеткізу» жетістігі;
• 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық
олимпиаданың облыстық кезеңінде xимия пәні бойынша 10-сынып оқушылары арасында III дәрежелі диплом;
• 2018 жылы Павлодар қаласында өткен халықаралық ауқымдағы Ә.Бектұров атындағы xимия пәні олимпиадасына қатысты;
• 2018 оқу жылында 17-26 маусым аралығында Грузияның Батуми қаласында өткен ағылшын тілінен қоғамдық жобаға атсалысты.
Дарабоз Диастың жарасымды жанұясы:
Диас үшін ата-анасының ақылы – өшпес шырақ. Асқар тау әкесі Мекеев Аманқос – шаңырағының тірегі, діңгегі. Ақпейілді анасы Молдаxожаева Шолпан – отбасының берекесі, ұйтқысы. Диас отбасында қалыптасқан ауызбіршілік пен бауырмалдықты мақтан тұтады. Достарының ортасында, сынып ішінде отбасында көрген тағылымды тәрбиесін көрсетуге, үлгілі болуға тырысады. Апасы Мекеева Сәнбала – інісіне қамқор жан. Апасымен үнемі ақылдасып, кеңесіп отырады. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген қағиданы ұстанып, әрбір бастамасында апасының ақылына жүгінеді. Диас – Өмір Меруерт есімді қарындасына ағалық қамқорлығын көрсетіп жүрген үлгілі аға.
Табалдырығына құт қонып, төріне бақ дарыған отбасының перзенті Өміров Диастың келешекте ұлы даланың ұланы боларына сенеміз! Тек қана алға, жас дос!