Мураткызы Дана

Рейтинг:

     Мұратқызы Дана 2003 жылдың 20 наурызында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында мұнайшылар отбасында дүниеге келген. Әкесі Мұрат Мекеұлы Утегенов – Қаламқас мұнай газ саласында слесарь болып жұмыс істейді. Анасы Муслима Изғалиқызы Аманьязова – «Жетібай мұнай газ» басқармасының №2 цехының ауысым инженер-технологы. Дананың тәрбиесіне араласқан отбасында әкесінің апасы Баян Мекеқызы – «Арай» ЖШС транспорт мекемесінде бас бухгалтер болып еңбек еткен, бұл күнде зейнеткер. 2000 жылы туған апасы Гүлжазира Мұратқызы – 2018 жылы №23 мектепті бітіріп, Чехияның астанасы Прага қаласына білім алуға аттанды. Ол спорт пен білімді, өнерді қатар алып келеді. Алға мақсат қойып, соған жету жолында бар күш-жігерін салып, аянбай еңбек етуде. Басты мақсаты – білімін жетілдіріп, өзі қалаған мамандықтың шыңына шығу. Иә, оны алда жетістіктер күтеді. Маңғыстаулық Дана ұлы ақын Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген өлеңін ұстаным етіп, биіктерге қанат қағып келеді.
      Дана балабақшаға барғанша, Атыраудағы нағашыларының қолында тәрбиеленді. Себебі, ата-анасы жұмысқа кірісіп кеткен-ді. Кішкентай бүлдіршін 2006 жылы Ақтау қаласындағы №46 «Ручеёк» балабақшасында нағашылары берген тәлімді тәрбиені жалғады. Дана балғынжайда жүріп түрлі жарыстарға, биге қатысты. Балғын шағынан ерекше, тез тіл тапқыш, ақылды, спортқа, сурет салуға, домбыраға әуес болып өсті.
     2009 жылы Ақтау қаласындағы №23 мектеп-лицейге қабылданды. Содан бері үздік оқушы ретінде мектептегі қоғамдық шараларға атсалысып, марапат мінберінен көрініп келеді. Ол бағындырған белестер қатарында – 2008 жылы Ақтау қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде көркем гимнастикаға қатысуы алдыңғы кезекте. Жас дарын 2010 жылғы сайыста ІІ орынды еншіледі. 2011 жылы екінші мәрте жетістігін қайталаған ару 2012 жылы екі мәрте ашық облыстық чемпионатта ІІ орынға табан тіреді. 2012 жылы көркем гимнастикадан «Каспийские звездочки» байқауында І орынның биігіне тұрақтады. Ал 2013 жылы ІІ орынның тұғырынан табылды. 2015 жылы «Каспийские звездочки» турнирінде ІІ орынды қанжығаға байлады. Дана көркем гимнастикамен қатар таэквондомен де шұғылданып, жетістіктерге қол жеткізіп жүр.
      Ол спорт пен білімге ғана мойын бұрып, қарап отырмады. 2010 жылы балаларға арналған музыкалық мектептің домбыра факультетін оқып, 2015 жылы тәмамдады. Осы жылы облыстық «Жас музыканттар» байқауында «оркестр» номинациясы бойынша ІІ орынмен оралды. Мұнан соң дарынды жас балалар өнер мектебіне қабылданып, 2013-2017 жылдары кәсіби өнермен жаттықты.
       2011 жылы «Маңғыстау мұнай газ» Акционерлік қоғамының «Мұнайлы өлке» газетінің «Балалар көзімен» атты конкурсына қатысып, марапат көгіне көтерілді.
      Жас дарын 2015 жылы Орта Азия биенналінің «Юнеско жолымен: Әлем. Өнер. Жастар» Қазақстан өнер мектебінің «көркем» бөлімінде Юнесконың он жылдығына арналған шарада арнайы сертификат иеленді. Білім додаларында да жетістік тұғырынан көрініп жүр. 2014 жылы қашықтықтан өткізілетін математика пәні жобасында «Жаңа сабақ» дипломына қол жеткізді. 2014 жылы дәл осы үлгідегі математикалық сайыста «Инфоурок» сертификаты табысталды.
       2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Халықтың ерлігі – адамгершілік пен ар-намыстың биік үлгісі» тақырыбында өткен облыстық байқауға қатысып, грамотамен марапатталды. Дәл осы 2015 жылы «Инфоурок» қашықтық олимпиадасында І орынды олжалады. 2017 жылы Тарас Шевченко өлеңдерін оқуда үздік деп танылып, марапатталды. Ал 2018 жылдан бастап «Dance Mix» үлгісіндегі биден жарыстарға қатысып, І орынды иеленеді.
        Мұратқызы Дана көкте қалықтаған қыранның қанатымен биіктікті өлшеп, жазық даланың еркін ұланы ретінде самғауды мақсат етеді.
        Зеңгір көкте қанатың талмасын, өнерлі өрен!


       Она успевает совмещать учебу, спорт и искусство. Усердно трудится на пути к достижению поставленной цели. Ее основная задача – повысить полученные знания и стать высококвалифицированным специалистом. Да, ее ждут большие успехи. «Верь только в себя, ум вкупе с упорным трудом помогут тебе», – эти слова великого Абая стали для уроженки Мангыстау – Даны девизом ее жизни.
      Мураткызы Дана родилась 20 марта 2003 года в семье нефтяников в городе Актау Мангистауской области. Ее отец, Утегенов Мурат Мекеевич работает слесарем в нефтегазовой отрасли Каламкас. Мама, Аманьязова Муслима Изгалиевна – инженер-технолог цеха №2 управления «Жетібай мұнай газ». В семье у нашей героини есть еще тетя, Баян Мекеевна, которая помогала в воспитании Даны, работавшая главным бухгалтером в транспортном учреждении ТОО «Арай» и сегодня находящаяся на заслуженном отдыхе. Старшая сестра, Гулжазира Муратовна, родившаяся в 2000 году, окончив школу №23 города Актау в 2018 году, продолжает обучение в Праге – столице Чехии.
       С детства Дана воспитывалась у родственников по материнской линии, так как ее родители постоянно находились на работе, затем в 2006 году была принята в детский сад №46 «Ручеёк» города Актау. В дошкольном учреждении способная девочка очень активно участвовала в различных конкурсах и соревнованиях, а также увлекалась и танцами. С раннего детства она была особенным ребенком, общительной, умной, разносторонней, проявляла интерес к спорту, рисованию и игре на домбре.
      В 2009 году Дана была принята в школу-лицей №23 в городе Актау. С этих пор, являясь одной из лучших учениц, принимает активное участие в общественных мероприятиях школы и по сей день занимает не последние места на пьедестале почета. В списке достижений талантливой ученицы – участие в конкурсе художественной гимнастики в 2008 году в спортивном комплексе «Динамо» города Актау. Талантливая Дана заняла ІІ-е место в том же конкурсе в 2010 году. В 2011 году она повторила свою победу, заняв ІІ-е место. Также, в 2012 году в открытом областном чемпионате она дважды заняла ІІ-е место. В 2012 году юная гимнастка завоевала І-е место в конкурсе по художественной гимнастике «Каспийские звездочки». Занявшая ІІ-е место в 2013 году, талантливая девочка в 2015 году в турнире «Каспийские звездочки» также заняла ІІ-е место. Наряду с художественной гимнастикой Дана еще увлекается таэквондо и одерживает немало побед.
      Наша юная героиня не останавливается на достигнутом и не ограничивается занятиями спортом и получением знаний в школе. В период с 2010 по 2015 годы она проучилась в музыкальной школе на отделении «Домбра». И здесь проявились необычайные способности одаренной девочки. В 2015 году она стала обладательницей ІІ-го места в номинации «Оркестр» в областном конкурсе «Жас музыканттар». Затем она была принята в детско-юношескую школу искусства, где на протяжении 2013-2017 годов получала профессиональные знания.
        В 2011 году стала обладательницей награды, приняв участие в конкурсе «Балалар көзімен» газеты «Мұнайлы өлке» Акционерного общества «Маңғыстау мұнай газ».
      В 2015 году в мероприятии, посвященном 10-летию ЮНЕСКО биеннала (выставки) Средней Азии «Юнеско жолымен: Әлем. Өнер. Жастар» школы искусства Казахстана в отделе «художество» юное дарование стала обладательницей специального сертификата. Также, у успешной ученицы немало побед и по образовательным конкурсам. В 2014 году в дистанционном проекте по математике она получила диплом «Новый урок». В этом же проекте в том же году была удостоена сертификата «Инфоурок». В 2017 году она завоевала І-е место в дистанционной олимпиаде «Инфоурок».
       В 2015 году, приняв участие в областном конкурсе «Халықтың ерлігі – адамгершілік пен ар-намыстың биік үлгісі», посвященном 70-летию Великой Победы, была награждена грамотой. В 2017 году была награждена и признана лучшей в конкурсе чтения стихов Тараса Шевченко. С 2018 года, участвуя в конкурсах по танцам «Dance Mix», талантливая девочка заняла І-е место.
        Для воплощения своей мечты в реальность умная и способная девочка упорно трудится и старается всесторонне развивать себя.
        Мы уверены, что имея такие неординарные способности, Дана без сомнения достигнет поставленных целей и поднимется на вершину успеха.
        Пусть же твой путь к знаниям будет светлым и легким, юное дарование!

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости