2010 жылы 26 тамызда Темірғалиевтер отбасында дүбірлі той болды. Себебі, отбасын бақыт пен шаттыққа бөлеп Анар есімді тәтті бүлдіршін дүниеге келді. Қос бәйтерегінің сүйіспеншілігіне бөленіп өскен балауса – елінің өркендеуіне үлес қосар азаматша болғысы келеді. Темірғалиева Анар Даниярқызы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келді. Әкесі Темірғалиев Данияр Қуандықұлы – «Темиргалиев Д.К.» ЖК директоры, анасы Темірғалиева Ғалия Сағатқызы – СҚО әкімінің мәдениет, архив және құжаттама басқармасында бөлім басшысы. Білім алуға деген құштарлығының негізінде 2016 жылы Петропавл қаласындағы қазақ-мектеп гимназиясының 1 «Ә» сыныбына қабылданды. Ашық-жарқын, жайдары мінезімен көпшілікпен тез тіл табысып, жаңа достар тапты. Бүгінде 3 «Ә» сыныбының озат оқушылар сапында көш бастап тұр. Сабақ оқуды ұнататын білімпаз оқушы мектептегі барлық шараларға белсене қатысады. Сонымен қатар, «Спорт – денсаулық кепілі» деген ұстанымдағы ару спортпен шұғылданады. Бойына қыз балаға тән бар қасиетті жинаған Анар би, қобыз, шахмат үйірмелеріне қатысады. Музыкалық аспаптарда ойнағанда, әл-Фарабидің: «Сұлу саз – жан сергітеді» деген ұлағатты сөзін еске алады. – Мен өз Отанымды жақсы көремін. Сабағымды жақсы оқып, келешекте туған жерімді дүние жүзіне танымал, дамыған елдердің қатарында болуына үлес қосатыныма үміттенемін. Сол үшін ерінбей оқып, талмай еңбек етемін, – дейді дарынды шәкірт. Темірғалиева Анардың жеңіске толы белес жолына бір сәт көз жүгіртсек: Халықаралық «Пони» танымдық олимпиадасынан диплом иегері, «1 желтоқсан – Президент күні» тақырыбына байланысты мәнерлеп оқу сайысына белсене қатысқаны үшін грамота иеленеді. Ойлау жүйесін жетілдіретін шахмат ойынынан «Ең жас шахматшы» аталымын жеңіп алған. Оқумен бірге өнерді де бойына дарыта білген ару «Алтын күз» мерекесінің «Өнерлі өрге жүзер» номинациясымен марапатталып, жақын жандарын қуанышымен еселей түсті. Сыныпішілік шаш үлгісі сайысында «Ең әдемі бұрым» жасағаны үшін грамота, сыныпішілік «Бұрымды қыз» сайысында «Ақылды қыз» номанациясын жеңіп алады. Білімқұмар балаларға арналған республикалық «Үркер» IQ марафонының қатысушысы екенін растайтын сертификат иесі болып табылатын озат оқушы жыл сайын «өте жақсы оқығаны үшін» мадақтама қағазымен марапатталып келеді. Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған шахмат турнирінде II орын дипломымен қанжығасын майлап, қалалық шахматтан өткізілген турнирде I орынға табан тіреді. Экология айлағына арналған шахматтан оқушылар арасында мектепішілік біріншілікте II орынға шығып, 8-9 жастағы қыздар арасында стандартты шахмат бойынша жеке облыс чемпионатында III орынды қоржынына салды. 2018 жылы 28 қазан – 4 қараша аралығында Ақмола облысында ұйымдастырылған халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылардың ХІІІ халықаралық шахмат турниріне қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. «Мектебіме – 10 жыл» мерейтойы аясында ұйымдастырылған мектепішілік «Қолөнер» байқауында «10 жылдық символы» номинациясын жеңіп алғаны үшін ерекше дипломмен марапатталып, Қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары арасында оқу құралдары мен оқулықтарын ұқыпты ұстағаны үшін мадақтама қағазына ие болды. Қазақстандық – Ресейлік филолог қауымдастығы және «Алые паруса» халықаралық балалар орталығы жобасының бастауыш сынып оқушыларына арналған XXI халықаралық балалар олимпиадасында I орынды қанжығасына байлап, жетекші ұстаздарының төбесін көкке жеткізді. Поэзияға жаны құмар жас ару сыныпішілік «Абай оқуларына» белсене қатысып, сертификатқа ие болған. Білімділігі мен белсенділігі қатар қалыптасқан жас өрен «Берёзка» тынығу лагерінде танытқан белсенділігі үшін алғыс хатпен марапатталды. Міне, Даниярқызы Анар – ата-анасының үкілеген үмітін ақтап, ұстаздарының сенімінен шығып, достарының мақтанышы болып жүрген жас жеткіншек. Межелі мақсатың мен білім жолында салған сара жолыңа тек сәттілік тілейміз!
26 августа 2010 года в семье Темиргалиевых состоялся большой праздник, поводом для которого послужило радостное событие – в семье родилась обаятельная дочурка, которую назвали Анар. Глубоко любящие ее родители с первого дня верят в то, что она станет достойным гражданином родной страны и внесет свой вклад в ее процветание и развитие. Темиргалиева Анар Данияровна родилась в городе Петропавловск Северо-Казахстанской области. Ее папа, Темигалиев Данияр Куандыкович – директор ИП «Темиргалиев Д.К.», а мама, Темиргалиева Галия Сагатовна является руководителем отдела по охране историко-культурного наследия и юридической работы КГУ «Управление культуры, архивов и документации акимата СКО». В 2016 году, особенная девочка, имеющая большое желание получить глубокие знания, поступила в 1«Ә» класс казахской школы-гимназии города Петропавловск. Обладательница спокойного, дружелюбного и доброжелательного характера девочка быстро познакомилась и подружилась с одноклассниками. Сегодня она является лидером среди лучших учеников 3«Ә» класса. Образцовая ученица, она с удовольствием учится и активно участвует во всех школьных мероприятиях. Кроме этого, считающая, что «Спорт – это залог здоровья», регулярно занимается спортом. Всесторонней девочке также нравится танцевать, играть на кобызе, посещать кружок шахмат. Когда она играет на музыкальных инструментах, то вспоминает слова Аль-Фараби: «Прекрасная мелодия – это живительная сила для души». – Я люблю свою Родину. Я хорошо учусь и надеюсь, что в дальнейшем внесу свой вклад в процветание родного края, и вместе с другими гражданами помогу нашему независимому государству войти в число самых развитых стран мира. Для этого я готова без устали учиться и много трудиться, – говорит юное дарование. И она уже сделала немало. Давайте посмотрим, сколько побед уже одержала Темиргалиева Анар. Она – обладатель диплома международной познавательной олимпиады «Пони», награждена грамотой за активное участие в конкурсе выразительного чтения по теме «1 декабря – День президента». Талантливая девочка совершенствуется в шахматной игре, которая отлично развивает мышление. Она – обладательница титула «Самый молодой шахматист». Наряду с учебой, юная красавица также увлекается и искусством. На празднике «Золотая осень» она была награждена в номинации «Высокое искусство исполнения» («Өнерлі өрге жүзер»), чем очень порадовала своих близких. На внутриклассном конкурсе на самую лучшую прическу награждена грамотой за выполнение задания «Самая красивая коса». Также во внутриклассном конкурсе «Коса – девичья краса» победила в номинации «Самая умная девочка». Разносторонняя ученица – обладательница сертификата, подтверждающего, что она является участницей национального марафона IQ «Уркер» для любознательных детей, а также ежегодно награждается грамотой «За отличную учебу». Анар награждена дипломом за II-е место в турнире по шахматам, посвященному дню Победы, а также в городском турнире по шахматам заняла I-е место. В рамках недели экологии в первенстве по шахматам среди школьников заняла II-е место, а также заняла III-е место в личном зачете по стандартным шахматам среди девочек 8-9 лет на чемпионате области. С 28 октября по 4 ноября 2018 года участвовала в XIII-м Международном шахматном турнире школьников на Кубок международного гроссмейстера Дармена Садвакасова, организованного в Акмолинской области и была награждена сертификатом. В рамках праздника «Школе – 10 лет» на школьном конкурсе «Рукоделие», за победу была награждена специальным дипломом в номинации «Символ 10-ти лет», а также получила грамоту за бережное отношение к учебникам и учебным пособиям среди учеников казахской школы-гимназии. Казахстанско-российская ассоциация филологов и международный детский центр «Алые паруса» в рамках совместного проекта провели XXI-ю Международную детскую олимпиаду для учеников начальной школы, где, занятое ею I-е место, вызвало радость и гордость учителей и наставников. Юная героиня всей душой любит прекрасную поэзию, поэтому приняла активное участие во внеклассном занятии «Абаевские чтения» и получила сертификат. Также, ее глубокие знания и активность были отмечены во время отдыха в детском лагере «Березка», где ей было вручено благодарственное письмо. Вот такая она, Анар Данияровна – целеустремленная школьница, которая в будущем обязательно оправдает надежды родителей и доверие своих учителей, являющаяся примером и гордостью своих друзей. Желаем ей удачи в достижении того, к чему она стремится – получить отличное образование и достичь поставленных целей!