Жауырыны жер иіскемейтін батырлардың ұрпағы қашанда жеңіс пен білек күшін жанына серік етеді. Аламан жарыста қарсыласының мысын бір көзқарасымен-ақ басатын талапты ұлан Ергешбек Жасұлан Ергешбекұлы бұғанасы қатпастан, спорт әлемінде дарабоз атануға ден қойған жігіттің сұлтаны.
Қай жарысқа қатысса да қарсы алдындағы спортшыны басымдылықпен жеңетін Жасұлан 2006 жылы 1 тамызда киелі сүлейлер мекені аталып кеткен Сыр өңіріндегі Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2012 жылы 6 жасында Астана қаласындағы №8 орта мектебіне барып, онда 5-сыныпқа дейін білім нәрімен сусындаған болатын. 6-сыныпта №54 мектеп-лицейінде 1 жыл оқып, кейіннен дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне алмасты. Оқу озаты.
«Зерде» мектебінде математика пәнін тереңдетілген негізде оқып, есептерді үздік әрі жылдам шығаруға дағдыланды. Оқу үздігі математика, алгебра, геометрия пәндерінен өте жақсы оқиды. Білімін арттыру мақсатында математикадан қосымшаға қатысады. Жалпы пәндік олимпиадаларда топ жарып жүрген Жасұланның интеллектуалдық жарыстардан еншілеген марапаттары жетерлік.
2014 жылы «Новый урок» халықаралық жобасында орыс тілінен ІІ орын, математика пәнінен І орын, VI бүкілресейлік олимпиаданың «Вот задачка» ІІ турында математикадан ІІІ дәрежелі диплом, VIII олимпиадада математикадан ІІ орын, 2015 жылы ІІІ орын жеңімпазы атанған.
2014-2015 оқу жылдары «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты VI мектепішілік және республикалық ауызша білім олимпиадасынан мақтау қағазының иегері болып, «Елбасы – елімнің тірегі» атты қалалық шығармашылық сайыста ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2018 жылы 7-сынып оқушыларына арналған мектепішілік, математикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткені үшін диплом иеленсе, «Зерде» мектебінде өткен пәндер олимпиадасында ІІІ орын жүлделеді. Жасұланның «Ақ бота», «Кенгуру – математика для всех» республикалық, халықаралық сайыстарынан алған сертификаттары бар.
Мұнан бөлек, 2018 жылы кубик-рубикті 29 секундта шапшаң құрастырып ІІ орын алса, 2019 жылы «Миф» апталығындағы кубик-рубик сайысындағы «3х3» номинациясында ІІ орынға қол жеткізіп, жаратылыстану әдістемелік апталығы аясында өткізілген іс-шараларға белсене қатысқаны үшін мадақтама алып, «Азбука жизни» халықаралық блиц-турнирінен ІІІ орынмен олжалы болды.
Қарсыласына жеңісті қолдан бермейтін айлалы батырдай, спортта өте епті Жасұлан дзюдо күресінен көптеген байрақты бәсекелердің жеңімпазы. 2015 жылы «Бастау» ФКС өткен республикалық турнирде 26 кг салмақта І орын, «Достық кубогы» турнирінде ІІІ орын, «Мақсат» спорт кешеніндегі ашық біріншілікте 26 кг салмақта ІІІ орын, Астана қаласының туған күніне арналған жарыста ІІ орын иегері болды.
2016 жылы Дзигоро Кано деген кісіні еске алуға арналған турнирде 34 кг салмақта «Ең үздік спортшы» атағына ие болып, І дәрежелі дипломмен марапатталса, дзюдо күресінен Астана қаласының ашық бірінішілігінде 27 кг салмақта ІІ орын, Қазақ хандығының 550 жылдығына және 2007 жылғы Ақсу-Аюлы мектеп бітіруші түлектер ұйымдастырған жүлделі жарыста дзюдо күресінен ІІ орынды еншіледі.
Ел ырысы үшін туған Жасұлан сондай-ақ, 2017 жылғы Астана қаласының ашық біріншілігінде 30 кг салмақта ІІІ орын, 2018 жылы 34 кг салмақта ІІ орын, 38 кг салмақта ІІІ орын, ҰОС Жеңіс күніне арналған қалааралық турнирде ІІІ орын, «Кубок Астаны» жарысынан ІІІ орын жеңімпазы атанған. Бұл аз десеңіз, 2017 жылғы дзюдодан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы жарыстың 30 кг салмақта ІІ орын, 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Астана қалалық ашық біріншілігінің 34-38кг салмақтарда екі мәрте І орын иегері. Оған қоса, 2017 жылы Наурыз мерекесіне арналған республикалық турнирде 30 кг салмақта ІІ орын, «ЕХРО – 2017» шарасындағы кезекті бір жарыста ІІ орын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған 2002-2005 ж.т. арасындағы қалалық турнирде 30 кг салмақта І орынмен жеңіс тұғырына шықты.
Нағыз қазақ азаматына сай жеңістерге жетіп, жиі оң қолы жоғары қарай көтерілетін Жасұлан үшін 2018 жыл да жемісті өтті.
2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен республикалық ашық турнирде 35 кг салмақта ІІІ орын, 32 кг салмақта ІІ орын, Наурыз мерекесіне орай өткен облыстық ашық турнирде 32 кг салмақта ІІІ орын, Қорғалжын ауданының 90 жылдық және дзюдо залының ашылуына 1 жыл толуына орай ұйымдастырылған ашық біріншілікте 38 кг салмақта ІІІ орын алды.
2019 жылы, Нұр-Сұлтан қаласының Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі ұйымдастырған халықаралық математикадан «Зерде» олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, II дәрежелі орын алғаны үшін марапатталды.
Білім мен спортты қатар алып жүрген Жасұлан сонымен қатар Астана қаласында жарық көрген «Елбасы – елімнің тірегі, Халықтың адал тілегі» атты бастауыш сынып оқушылары арасында Тұңғыш Президент күнін атап өту аясында ұйымдастырылған шығармалар сайысының материалдық жинағына мақаласы жарияланды.
Әрине, осыншама жетістіктерге отбасындағы қолдау мен өзіне деген сенімнің арқасында жеткен Жасұлан шыққан биігі үшін барша жақындары мен ұстаздарына, бапкерлеріне алғыс айтады.
Ұлының болашағына сенім артатын әкесі Рахматуллаев Ергешбек Шайманұлы – инженер-құрылысшы, ал, ақ сүт берген анасы Кошкарбаева Ғалия Ақсейітқызы Халыққа қызмет көрсету орталығында менеджер болып жемісті еңбек етуде. Ал, Ақниет әпкесі ағылшын тілі курстарына барады. Шаттық пен жарастық орнаған осындай отбасының ізбасары Жасұлан қазірдің өзінде болашақта кім болатынын анықтап қойған.
Мақсаты нық, талабы таудай ұлан – мектеп бітірген соң қаржыгер мамандығы бойынша білім алып, іскер тұлға болуды армандайды. Лайым, арманың орындалып, ел экономикасын дамытуға үлес қоса бер Жасұлан Ергешбекұлы!