Болат Даниял – Жасампаз Қазақстанның дарынды жеткіншегі, ел ертеңі. Ғабитұлы Даниял 2009 жылы 8 қазанда дүниеге келген. Талантты ұлан №7 «Күншуақ» балабақшасында танымдық қабілетін дамытты. Ахмет Байтұрсынов атындағы №23 мектебінің озат оқушысы. Отбасын қымбат қазынаға теңейтін Даниялдың ардақты атасы мен әжесі, әкесі мен анасы, ағасы мен сүйкімді қарындасы бір шаңырақ астында тату-тәтті күй кешуде. Болат Даниял – жұлдызы жарқыраған жас спортшы. Жетістігі: Ұлттық спорт түрлерінен 2006-2007 жылы туған ұлдар арасында 26 кг салмақ дәрежесінде облыстық біріншілігінде Самбо күресінен І-ІІ орын диплом жеңімпазы;
Тұңғыш Президент күніне арналған Самбо күресінен мектеп және колледж оқушыларының арасында 32 кг салмақ дәрежесінде облыстық біріншілігінде ІІІ орын дипломы иесі;
Самбо күресінен 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасын-да мектепішілік ашық біріншілікте 28 келі салмақ дәрежесінде І орын дипломы жеңімпазы; «REALSPORT» балалар футбол академиясы «Бешикташ» футбол клубының сертификаты иесі;
№1 мамандандырылған балалар мен жасөспірім-дер спорт мектебінің самбо күресінен 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында мектепішілік ашық біріншілікте «Ең жас балуан» номинациясы дипломы иегері;
Республикалық «Дарабоз» оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты шығарма жазу конкурсында І орын жеңімпазы атанды.
Сүйікті ісі: Спортпен шұғылданады. Күрес спор-тының тактикасын тереңірек үйренгенді жақсы көреді.
Арманы: Болашақта самбо күресінің «Әлем чемпионы» атағына ие болуды мақсатына айналдырып отыр.