«ТАЕКВОНДО – ЕРЕКШЕ СПОРТ ТҮРІ»
Спорт - кімнің мықты екенін анықау, жас таланттардың абыройын асқақтатып, елдің мерейін үстем ету ғана емес, достықтың, бейбітшіліктің кепілі. Мектеп намысын, ауыл намысын, аймақ абыройын, ел намысын әлемдік додаларда қорғап жүрген спортшылар мәңгілік ел есінде. Келешекте Тәуелсіз қазақ елінің жұлдызын жарқыратар жалынды жастарға деген, аға буынның сенімі мол. Болар баланы бесігінен танитын атам қазақ «тіл-көзден аман болсын» - деп ақ тілеуін білдіріп жатады. Осындай ел назары түскен, былдырлап тілі шыға бастағаннан-ақ айналадағылардың ақ үмітін арқалаған балуан жүректі шәкірттің бірі – Арлан Русланұлы.
Додаларда өзіне артқан сенімді ақтай алатынына, әрдайым өзін қорғай алатынына, кішкентайларға қалқан болып, үлгендерді сыйлайтынына сан мәрте көз жеткізіп, былайғы жұртты ку еткен дарынды спортшы Арлан 2012 жылдың 8 тамызында Қызылорда қаласында дүниеге келді. Кішкентай кезінен спортқа деген қызығушылығы жоғары болған дарынды жас бүгінде тотами төрінде жеңіспен қоржынын толтырып келеді. Мектеп беделі сынға түскен спорттық сайыстарда топ жарып, өзгелерден оқ бойы озық келетін талантты шәкірт Арлан Қызылорда қаласы, Досан ауылындағы №280 орта мектебінде білім алып келеді.
Мектеп табалдырыған аттағаннан кейін көп уақыт өтпей өзінің оқудағы зейіні мен спорттағы қабілетін байқап, қырдағыны көзі шалатын қиядағы қырандай жас дарындарды іздеп жүретін, алғашқы жаттықтырушысы -Таңатаров Асанәлі бапкерінің көзіне түсті. Міне, сол уақыттан бері тотами төрінен түсіп көрген емес. Қолына қалам ұстатып, алғаш әріптерді үйретуде көп көмегі тиген анасы Шоқатаева Әлияның үкілі үмітін ақтау үшін, сабақты озат оқушылар қатарында оқып, спорттық сайыстардан жеңімпаз атанып, анасын қуантып келеді. Бала армандарының орындалуы үшін, барлық қолдарынан келгенін жасап, тілеуін тәңірден тілеп жүрген нағашы атасы Шокатаев Зкрия мен нағашы әжесі Шокатаева Сакыпжамал шаңырақта беделі мол, әулеттің ырысын кіргізіп отырған аяулы қарттар! Ішінен шаттықтың үні естіліп, төріне бақыт құсы қонақтаған шаңырақта бірге ойнап, күліп келе жатырған ағасы Данияр, тәтесі Саида есімді бауырлары бар.
Қай кітаптың бетін ашса да жанарын мүдіртпей оқи жөнеліп, күнделігіне тек бес деген бағаны толтырып келе жатырған Арлан ағылшын тілін де терең меңгеріп келеді. Компьютерлік техника жылдам дамып келе жатырған бүгінде, ұстаздарының нұсқауымен ғылымға бет бұрды. Мектепішілік өткізілген қандай іс-шараның болса да бел ортасында жүретін жас қолына қылқаламын алып сурет салғанды, ақыл-ойды дамытар шахмат ойнағанды, ұлттық ойын асықпен ойнағанды ұнатады. Сынып оқушыларымен тату, белсенді, талапты оқушы. Спортпен айналысқанды және орыс тілі пәнін жақсы көреді.
Қандай сайысқа барса да жатырқамай, еркін араласып кете беретін ашық мінезді жас әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Достарымен өзара сыйластығы ерекше, достығы берік, түсіністігі басым. Өтірік сөйлегенді ұнатпайды. Сабақтан тыс үй шаруасына да көмектесіп, анасын қуантып қоюды әдетке айналдырған еңбексүйгіш, қай іске де жауапкершілікпен қарайтын оқушы. Қазіргі заман талабына сай ғаламторда еркін жұмыс істеп, өзіне керекті мәліметтерді ала алады. Мектеп бағдарламасымен ғана шектеліп қалмай ізденіп, кітапханаға барып, ғаламтор қарап, ойлау шеңберін, білім көкжиегін кеңітіп отырады. Салауаттылықты да сақтап, бір сәт табиғатта тынығуды, бауырларына қарауды күнделікті әдетіне айналдырған.
Математика, орыс тілі пәндерін сүйіп оқумен қатар, тарихты да үңіле оқып, өткеніміз туралы жадында сақтағанды жөн көреді. Сыныпішілік, мектепішілік, елімізде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар туралы да біліп отырады. Бұл да оқушының жан-жақтылығының бір көрінісі. Жалқаулыққа жаны қас, қолына алған істі аяғына дейін жеткізбей тынбайды. Мектепішілік болған қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, өзін жақсы қырынан танытуға тырысады. Таеквондо спортына қатысты видеороликтер көріп, ұнаған іс-әрекеттерді қайталауға бар күшін салады. Жаттықтырушысы үйреткен тәсілдерді үйде қайталап, бойын үйретіп, әбден меңгергенше қимылдап тыным таппайды. Осындай тынымсыз еңбегінің арқасында, үнемі ізденіс үстінде жүретін Арлан арманына адымдап жақындап келеді.
Жасыл алаңда жүйтки жүгіріп, қарсыластың қақпасына жиі қауіп төндіріп, гол соғатын өнері де бар. Арлан сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Қолына алған қай істі де үйіріп алып кететін пысықтығымен қоса, еңбекқор оқушының ізденімпаздылығы мен жан-жақтылығы басым. Мектеп намысын ірі жарыстарда қорғап жүрген жас спортшының әлі де талай белестерді бағындырып, олимпияда шыңында көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды асқақтата шырқататынына кәміл сенеміз.
Жетістіктері: - «Абзал және Компания» ТС 25 жылдығына орай балалар және кадеттер арасындағы таеквондодан қалалық біріншілікте 24 кг салмақ дәрежесінде жүлделі I орынды жеңіп алғаны үшін –«Мадақтама»;
- Таеквододан балалар арасындағы Қазастан Республикасының Чемпионатында 6-7 жас аралығында, 32 кг салмақ дәрежесінде III орын;
- Таеквондодан «Dream Cup» ашық Республикалық турнирінде 6-7 жас аралығында 31+ кг салмақ дәрежесінде II орын;
- 2019 жылы «BILGEN BAIGE» Республикалық олимпиадасының іріктеу кезеңіне қатысып, келесі кезеңге өткенін дәлелдейтін сертификат;
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай таеквондодан 2005-2007, 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылдары туылған ұлдар мен қыздар арасында 28 кг салмақ дәрежесінде өткен қалалық біріншіліктен I орын;
Сүйікті ісі: кітап оқу, спортпен айналысу
Арманы: Өскенде елін қорғайтын полиция қызметкері болу.