Сайлау Ақмерей

Рейтинг:
Таэквондо спортының шебері

      Спорт – жүз немесе жер, тіл немес дін талғамайтын, жұмылған жұдырықтай бес саусақты бір уыста ұстайтын бірліктің, бейбітшілік белгісі. Салауаттылықтың да алтын кілті, осы - спорт. Ала допты қолына алып, командалық құрамда ел мерейін үстем етіп, жастайынан туған жеріне деген махаббатын, патриоттық сезімін жарыстан жеңімпаз болып келу арқылы жеткізіп жүрген жалынды жас, талантты спортшы Сайлау Ақмерей Медетқызы.       Бірлік пен бейбітшілікті ту еткен Спорт ұл немесе қыз деп таңдамайды. Оның дәлелі қазақтың қыздары да олимп шыңын бағындырып келген, әлі де бағындарады, және солай болып қала береді. Қазақ арулары сұлулығымен, ибасымен, ісмерлігімен ғана емес, ержүректігімен, батырлығымен де аты шықан. Сақ патшайымы Томирис пен бертіндегі Әлия мен Мәншүк, одан да бері Ләззат пен Сәбираға дейін де талай батыр арулар болған. Айбике ару, Гауһар батыр, Назым, Тұмар ханымдар тарихтың сары парақтарында сақталып қалса, волейболшы Сана Жарылғасова, әлемнің ең жас гросмейстері Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова сынды спортшылар әлем шыңын, олимп шыңын бағындырып келеді. Олар мен нәзік жаныдымын деп бөлінген емес, жаспын деп айтқан емес, қайта қайратын жігерге жанып, майданның бел ортасында, ел намасын арқалап спорттық сайыстарда бақ сынап жүрді.
      Өзін-өзі қорғау мақсатында қимыл-әрекет ететін спорт түрін таңдаған Сайлау Ақмерей Медетқызы 2006 жылдың 21 тамызында Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келді. Балдан да тәтті балалығын Ақтөбе қаласындағы №20 балабақшасында өткізіп, осы кезден ақ сполртқа бейіміділігі барын байқата білді. Аламанда артына шаң тастап озып шығар жүйрік, тай күнінде төрт аяғын тең алатыны секілді, сапортқа жеген қызығушылығын байқаған ата-анасы Ақмерейді жастайынан спорт үйірмесіне берді. 
      Аяғы мен қолын қатар қимылдатып, жарыс ережесіне сай келетін әдіс қимылдарды жасап жеңіске жететін корей түбегінен бастау алған спорт түрімен айналысқалы бері түрлі деңгейдегі жетістіктерге жетіп келе жатырған Ақмерей білім ордасының табалдырығын Ақтөбе қаласындағы №30 мектепте аттап білім нәрісмен сусындады. Одан кейін бастауыш сыныптың 3 сыныбын ұшары бұлтапен тілдескен Алатауды мекен еткен Алматы қаласында бастап, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы №59 мектеп-лицейінді білімін жалғастырып келеді. 
      Шабамын деген тайға үп еткен жел де демеу емес пе,  оқуға деген құштарлығы арта түсіп бірнеше мәрте қашықтықтан өткізілген аудандық, облыстық, тіпті республикалық пән олимпиядаларының бірнеше дүркін жеңімпазы атанды. Жүрегін жалын кернеген жас өрен жаспын демей, түрлі іс-шаралардың бел ортасында жүріп, пән олимпиадаларында қатысып, спорттық ойындарда жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Мектеп қабырғасында жүріп жеткен жетістіктерін тізіп жазу мүмкін емес, сонда да оқушы мерейін үстем еткен, шәкірт жүрегіне дем беріп, шабытын үдеткен жеңісті жолдарына үңіліп өтсек.
 
      Таэквондоның жарық жұлдызы Ақмерейдің жеткен жетістіктері:
  • 2012 жылы «1 Маусым – Балалар күніне» арналған сурет салу байқауына белсенді қатысқаны үшін  Грамотамен марапатталды.
  • 2016 жылы Аудандық пән олимпиадасына қазақ тілі әдебиеті бойынша қатасып III орын иеленді.
  • 2018 жылы Алматы қаласында өткізілген таеквондодан (WT) Қазақстан Республикасының «Champion» ашық республикалық турнирінде 12-14 жас аралығанда 35 кг салмапқ дәрежесінде I орынды жеңіп алды. 
  • 2018-2019 оқу жылы аралығында мектепішілік, аудандық мәдени іс-шараларға белсенді түрде қатысып, қоғамдық жұмыстарға қосқан үлесі үшін бірнеше мәрте Алғыс хатпен марапатталды.
  • 2018 жылы Алматы қаласында таэквондодан (WT) «1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 29-жылдығы қарсаңында балалар мен жасөспірімдер арасында өткен турнирде жүлделі II орынның иегері атанды.
  • 2018 жылы таэквондодан (WT) балалар мен кадеттер арасындағы «Райымбек батыр» спорт клубының ашық біріншілігінде 10-11 жас аралығында 34 кг салмақ дәрежесінде III орынға табан тіреді. 
       Жеңіс тұғырынан жиі көрінетін Ақмерейдің жанұясы:
      Адамдық пен адалдықты, ізеттілік пен құрметті, кісілік пен кішілікті, тәлім-тәрбие арқылы бойына сіңірген Ақмерей ұлылылардың табаны тиген топырақта, құтты шаңырақта дүниеге келді. Алтыннан да ардақты жақындары Ақмерейдің өнерін қолдап, дем беріп, алға жыжуы үшін қолынан келгендерін аямады. Аласармас Алатаудай болған әскери ұшқыш әкесі Сейтов Медет Сайлауұлы мен баласының тілегі таңдайынан түспеген анасы Ашенова Динара Темірханқызы осындай өнерлі де, талантты спортшы баланы өсіп жетілдіргені үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Ақмерейдің өзіне қарап бой түзеп келе жатырған Асылжан есімді сіңілсі бар.
      Арманы асқақ жанға асудан өту кедергі болып па, тек алға ұмтылуды ғана көздеген балғын жас дегеніне жетері хақ! Тек қияда қалықтайтын қыран секілді, ақсәуле арманын алақанына саялатуды көздеген бүгінгі күннің ерекше де, дарынды өрені, болашақ IT саласында еңбек етуді алдына мақсат етіп қойған Ақмерей Медетқызының оқу саласында да, спорт саласында да бағындырар белесі биік, ертеңгі жолы даңғыл.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Динара- 4 февраля 2021 16:58
Умница !👍❤Гордимся тобой 

Последние новости