Рамазан Гүлмира

Рейтинг:
«ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ БОЛСАМ...»

      «Адалдықтың ақ туын жықпау – қазақстандық әрбір жастың міндеті болуы керек. Әділдіктің ақ жолынан таймай, заң саласында халықтың құқықтық сауатын жетілдіріп, күрделі қиын мәселелерді шешуде атсалыссам деймін. Келешек күні еншісіне халықтың заңды құқығын қорғап, әділдік үшін күресетін маман болуды алдыма нақты мақсат етіп қойып отырмын. Кез келген тұлғаның өмірдегі басты мақсаты – «толық адам» болу, білікті маман иесі атану. Мен де азаматтық тұлғамды қалыптастырып, ұлтымның жанашыры болып, құқық қорғау органында жемісті еңбек еткім келеді. Сол арқылы халқыма адал қызмет етуді көздеймін» – дейді  киелі әулиелер мекені, маңғаз Маңғыстау аймағының, аққулы Ақтау қаласының арманы асқақ балаусасы Рамазан Гүлмира Ахметқызы.
      Ахметқызы Гүлмира – 2009 жылы 14 мамырда шұғылалы өмірдің есігін балалық таза пейілімен ашқан егемен елдің болашағы. Бүгінгі таңда кіндік қаны тамған жердегі №54 «Aйналайын» балабақшасын бітіріп, №21 жалпы білім беретін орта мектебінің 5 «Д» сыныбының озат шәкірті.  Өз ісінің үздік мұғалімдері, білікті педагогтардан білім алып, танымдық қабілетін дамытуда. Бос уақытында велосипед теуіп, Кёкушинкай каратэ спортынан ептілігі мен күрескерлік техникасын шыңдайды. 
 
      Болашақ заң маманының оқушылық жетістіктері:
      – 2015 жылы «Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы» мерекесіне арналған Кёкушинкай каратэден Ақтау қаласының ашық турнирінде 25 кг салмақта 6-7 жас аралығындағы балалар додасында І орын;
  • 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекесіне арналған Кёкушинкай каратэден Ақтау қаласының ашық турнирінде 6-7 жас аралығындағы балалар сайысында 25 кг салмақ дәрежесінде жүлделі І орын;
  • «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекесіне орай өткен Кёкушинкай каратэден Маңғыстау облысы ашық турнирінде 6-7 жас аралығындағы күресушілермен сынға түсіп, І орын;
  • «28-ші бүкіләлемдік қысқы Универсиада» аясында 5-15 жастағы жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Кёкушинкай каратэден аудандық ашық чемпионатта ІІІ орын;
  • ҚР Рәміздер күніне арналған Кёкушинкай каратэ-до бойынша 8-9 жастағы жасөспірімдер арасындағы Маңғыстау облысының ашық турнирінде абс салмақ дәрежесінде ІІІ орын;
      – 2017 жылы Кёкушинкай каратэден XVI «Евразия Кубогі» интернационалдық турнирінде 35 кг салмақта ІІІ орын;
      – 2018 жылы «Астана қаласының 20 жылдығы» мерейтойына арналған Кёкушинкай каратэден балалар мен жасөспірімдер және қыздар арасында өткізілген қалалық ашық спорт додасында ІІ орын;
      – Ақтау қалалық ашық турнирінде Кёкушинкай каратэден ІІ орын;
      – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Кёкушинкай каратэден «КАТА» дисциплинасы бойынша Ақтау қаласының балалар, жасөспірімдер және қыздар арасында өткізілген қалалық ашық турнирінің І орын иегері;
      – 2018 жылы жаңажылдық мерекеге орай өткен шарада «Ең әдемі, ең сұлу» номинациясына ие болды.
«Үлгілі тәртібі мен үздік оқығаны үшін» марапатталып жүрген мақтау қағаздары да бар. 
 
      Рамазан Гүлмираның жан жылуына толы берекелі отбасы мүшелері:
 Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қамқор әкесі Рамазан Ахмет – Ақтау теңіз портында докер-механизатор. Әкесі – 2018 жылы Мекке қаласына қажылыққа барған иманжүзді азамат. Жүрегі ізгілік нұрына бөленген анасы Рамазан Тамара – АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» ӨБ «Жетібаймұнайгаз» кен орнында оператор. Үлкен әпкесі Фатима – 11 «Б» сыныбының, кіші әпкесі Мадина – 9 «Б» сыныбының белсенді оқушылары. Сіңілісі Әмина бірінші сыныпқа барады. Бауырларымен бірге Гүлмира да №21 орта мектепте білім алады.
Әр бастамасына қолдау білдіретін отбасы мүшелері барда мақсатына жететініне сенім зор Ахметқызы Гүлмираның аласармас ақ арманы орындалатыны сөзсіз! Бастысы – көздеген межесіне жетер биіктікте қанаты талмасын!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Фатима- 8 февраля 2021 16:55
Ақ жол Гулмира. Жетістікке жете бер.❤️❤️

Онайхан- 8 февраля 2021 16:56
Жарайсын Гулмира.бииктерден корине бер.

Алима- 8 февраля 2021 17:03
Жарайсың!  Сәттілік  серігің болсын! Елін сүйер патриот бол!  

Сандигул- 8 февраля 2021 17:08
Керемет! Жарайсын! Бииктерден корине бер!

Последние новости