«Қандай салада болсын, елге адал қызмет ету – міндетім!»
Заман көшінен қалмай, ғылымның көшіне ілесіп, бар күш-жігерін робототехникаға арнап, дамытуға талпынып келе жатырған Айбол 2008 жылдың 22 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келді. Балалық әткеншегінде бақыттың қолымен тербеліп өсіп, тәрбиенің алтын бесігі саналған «Теремок» балабақшасында тәрбиеленді. Бақыттың нұры төбеден төгіліп тұрған балабақшада жүріп, өткізілген қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытқан Айбол есеп шығаруда да ерекше қабілеті бар екенін аңғартқан. Көбейту кестесін өз бетінше жаттап, қосу, азайту амалдары мен есептер шығарған дарынды бала тәрбиеленуші ретінде жеткен жетістіктері де жетерлік. Қандай ортаға барса да ерекше дарыны, талантымен өзгелерді өзіне қарата біліп, талай спорттық додаларда мәрелерден көрініп келе жатырған қайсар да, өжет жігіт Айбол Кенен Әзірбаев атындағы мектептің 4 сыныбын,, ал, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің 6-шы сыныбын, оқу үздіктері қатарында бітірді.
«Тәрбиес басы – тал бесік» - демекші, отбасында анасының мейірімі мен махаббат сезіміне бөленіп, инабаттылық пен ибалықты, әдеп пен ізеттілікті бойына сіңіріп өсіп келеді. Әрдайым адалдық пен әділдіктің туын жықпай келе жатырған, ізгіліктің нұры жүзінен төгіліп, маххаббат мейіріміне бөлеуге дайын тұратын анасы Иджанова Нұржамалдың үкілі үміті, жарқырар жарық жұлдызы. Ағалық қамқорлығын көрсетіп келе жатырған, әрдайым қорғаштап жүретін, өзінен кейінгі Қарақат есімді қарындасы бар.
«Тамырын бассаң тарихы сөйлейтін» тарих пәнін сүйіп оқитын ізденімпаз жас ашық мінезінің арқасында досы көп, әр түрлі жағдайда шұғыл шешім қабылдай алатын көшбасшылық қабілеті бар, өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен атқара алатын оқушы. Есепке жүйріктілігі талабының қаламын ұштап, мектеп беделі сынға түскен сындарлы шақтан сүрінбей өтіп, жүлдемен оралып келеді. Салауатты өмір салтын ұстанып, сабақ пен спортты өзара үйлестіре білген оқушы - бос уақытында дойбы ойнап, кітап оқығанды ұнатады.
Үлкендерге құрмет көрсету жолынан жаңылмаған бала қылығымен сүйкімді. Осы сәттен бастап болашағына айқын жоспар құрып, соның жолында жақсы білім алып, өзін жақсы жағынан қалыптастырудан жалықпаған бала Айболдың болашағына жақындары мен ұстазадары үлкен үміт артып, сеніммен қарайды. Алпыс көзді тақтаның ара-жігінде жасырылған жүрісті меңгерген шахмат ойнайтын өнері бар Айбол қолына қылқаламын алып, сурет салғанда, табиғатқа тіл бітіретін қабілеті де бар және пианинода ойнайды. Жан-дүниесі таза, ешкімді ренжіткісі келмейтін, жаңалыққа жаны құмар жасөспірім заман талабына сай оқушы болуды көздеп, ағылшын тілдерін меңгеріп, білімін шыңдаудан жалыққан емес.
Мектепте алған білімін үнемі толықтыру мақсатымен кітап оқып, ғаламтор желісінен жан-жақты жетілгенді жөн санайды. Оқудағы үлгерімі мен тәртібі өте жақсы Айбол ата-анасының берген тәрбиесімен қатар ұстаздарының да сіңірген еңбегін ақтап келеді. Үйге орындауға берген тапсырманы толық, жүйелі түрде орындап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын оқушының өзіндік еркін пікірі де қалыптасқан. Адалдық пен мейірімділік, шыншылдық пен кешірімділік, жауапкершілік сияқты адами асыл қасиеттер Айболдың бойына ерте қалыптасқан. Сабақта болсын, үйде болсын берілген тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен, асқан ыждағаттылықпен қарайтын жанары отты шәкірт - алдына үлкен арман-мақсаттар қойып, сол мақсатқа жету үшін талмай еңбектеніп, үздіксіз ізденіп келеді.
Қолы қалт етсе робототехниканы құрастыруға әуес шәкірттің жетістіктер қоржынын толтырып келе жатырған «таеквондо» спорты. Осы спорт түрінен талай дүбірлі додада топ жарды. Қатар өскен достарының арасында сыйлы баланың ешқашан оғаш қылығы мен жағымсыз мінезі байқалған емес. Аз уақыт арасында үлкен жетістіктерге жетіп, сабағы мен қосымша үйірмелерден артылған уақытын ән айтып, кітап оқуға арнайтын талантты өнерпаздың еліміздің жарық жұлдызы атанып, биікте жарқырар күні де алыс емес.
Жетістіктері: - 1, 2, 3 сыныптарды өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін – «Мақтау қағаздары»;
- Қазақтың хас батыры «Қанжығалы Бөгенбай» атына және Қазақстандағы таеквондоның негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрікті еске алуға арналған балалар мен жасөспірімдер, кадеттер және жеткіншектер арасындағы таеквондодан VI Республикалық ашық турнирінде 10-11 жас аралығында 32 салмақ дәрежесінде III орын;
- Юрий Гагарин атындағы орта мектептің қоғамдық іс-шараларына белсене қатысқаны үшін – «Алғыс хат»;
- 2020 жылы I аудандық «Baizakrobotics» чемпионатының «SUMO» категориясы бойынша «I дәрежелі диплом»;
- 2020 жылы I онлайн халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған «QAZAQ STAR DANCE MUSIC FESTIVAL» өнер байқауында 12 жас аралығында «аспапта орындау» аталымы бойынша I орын (Жетекшісі: Пустынникова Екатерина);
- 2020 жылы III онлайн халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған конкурс фестивалі, 1 маусым -Халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылған, «QAZAQ STAR DANCE MUSIC FESTIVAL» өнер дода саласында 12 жас аралығында «аспапта орындау» аталымы бойынша «Бас жүлде» (Жетекшісі: Пустынникова Екатерина);
Сүйікті ісі: спортпен шұғылдану
Арманы: архитектор болу.