Шалхаров Хансултан

Рейтинг:
       

      Шалхаров Хансултан Мұззафарұлы – болашақта  «елім» деп соғар жүрегімен, халқына қалтқысыз еңбек етіп, азаматтық борышын өтеуді арман ететін ұлан. Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында 2012 жылы 3 қаңтарда дүниеге келген. Ардақты әкесі Айтматов Музаффар – Ташкент қаласының тумасы, мамандығы – орманшы. Аяулы анасы Рамазанова Жаннат Кенжетайқызы – Көкшетау өңірінің тумасы, мамандығы – мейірбике. Мейірімі мол әжесі Ташкент қаласының Корсай ауылында тұрады.   Ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарастарды санасына сіңіре ержетіп келе жатқан зерек, алғыр  балдырған 2014 жылы елордадағы №54 «Нұр-Ай» балабақшасына барып, таным көкжиегін кеңейтті.  «Әліппенің ар жағы – білім бағы» дегенді басшылыққа алған талапшыл, мақсатшыл  Хансұлтан 2018 жылы №66 мектеп-лицейіне  шәкірт болып қабылданды. Қазіргі уақытта білімпаз шәкірт – 3«Е» сыныбының  белсенді оқушыларының бірі.
     
      Жетістігі: Хансултан Мұззафарұлы – 1-сыныпты үздік оқығаны үшін Мақтау қағазымен марапатталған білімпаз шәкірт.  №54 «Нұр-Ай» балабақшасының мектепалды даярлық «Ботақан» тобының Алғыс хаты ата-анасына, Дипломы Хансұлтанға табыс етілді. 2017-2018 оқу жылы Халықаралық «ПОНИ» байқауының жүлдегері атанып, Диплом иемденді. «Бағдаршамның түстері!» атты «Брейн – ринг» қалалық сайысының Сертификат иегері. Білімқұмар балаларға арналған Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонының жүлдегері атанған Хансұлтанның алар асулары әлі алда екені анық.
      Сүйікті ісі: Сурет салу, түрлі елдердің туларын зерделеу, футбол ойнау.
      Арманы: Ұлы Қазақ Елінің мақтанышына айналу, әскери  салада қызмет ету.
 
 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости