Мұхтаров Әмір

Рейтинг:

      «Білім – ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек», – деп ұлы ақын Абай Құнанбаев өзінің отыз екінші қара сөзінде айтқандай алдымен ақылмен азықтанып, білім бәсекесіне аттанатын Мұхтаров Әмір Маратұлы қаршадайынан алғыр жеткіншек. 
      2006 жылы 12 ақпанда Қостанай қаласында жарық дүние келген Әмір отбасында берекелі жарастықты көріп өсіп, балдырған кезінде «Гүлдәурен» балабақшасында тәрбиеленіп, 1-4 сынып аралығында № 24 А мектебінде оқыды. Кейіннен 5-сыныпта С.Мәуленов атындағы гимназияға ауысып, 2017 жылы Астана қаласындағы № 15 лицей мектебінің 6-сыныбына барған болатын. Қайсыбір білім ордасында танымын кеңейтсе де отбасының арқасы екендігін білетін Әмір, өте тәрбиелі бала. Қазіргі таңда 7 «А» сынып оқушысы әкесінің ақылын теңдессіз байлық деп есептейді. 
      Ержүректі әкесі Искаков Марат Мұхтарұлы – Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің аға жедел уәкілі, полиция майоры болып жұмыс атқарған. Бүгінде зейнеткер. Асыл мінезді анасы Искакова Динара Габдоллақызы – Астана қаласының Политехникалық колледжінің «қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы. Ардақты ағасы Мирас – студент. Тектіліктен тамыр тартқан асыл әжесі Айша – 80 жасты еңсерген кейуана, көпбалалы ана. Қызын қияға, ұлын ұяға қондырған ел анасы. Нағашы атасы Габдолла – ұлағатты ұстаз, 42 жыл директор лауазымында қызмет атқарған кісі. Ақындық қабілеті бар айтыскер. «Жігіттің жақсысы – нағашыдан» демекші, Әмірдің оқуда озат атануы осы нағашы атасынан дарыған десек жарасады. Себебі, атасы небір байқауларға қатысып, жүзден жүйрік болып, талай марапаттар еншілеген жан. Габдолла атасы Меккеге қажылыққа барып, мұсылмандық парызының бірін орындаған иманжүзді кісі. Ол – қазір зейнет жасындағы ұрпағының бақытын көріп отырған ел ақсақалы. 
      Спортпен жүрегі егіз Әмір білекті жігіт. Ол спортқа деген қызығушылығының арқасында талай додаларда топ жарып жүр. 
      2015 жылы Қостанайдағы «Динамо» спорт кешеніне барып, самбо күресімен айналысуға бел буды. Алғашқы бапкерлері Кабидуллилов Ержан және Сорокин Иван деген кісілердің жаттықтырумен жарыстарда жеңімпаз аттанды. Спортқа қатысқан алғашқы жылы-ақ ептілігімен танылып, «Президент күніне» арналған қалалық сайыста ІІІ орын жеңімпазы болды. 
      2016 жылы дзюдодан «Балаларды қорғау» күніне арналған қалалық сайыста ІІІ орын, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында республикалық самбо күресінен жарыста ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
      Спорттағы 1-2 жылда бірнеше жеңістерді олжалап үлгерген Әмір – 2017 жылдың қазан айынан бастап Астанадағы «JUDOka» клубының мүшесі. Бапкері – Сұлтанбек Ербол ағайының жетелеуімен әлі де талай шыңдарды еңсеруде. 
      Мәселен, 2017 жылы Наурыз мерекесіне арналған самбо күресінен қалалық додада ІІ орын, Астана қаласының ашық турнирінде ІІ орын, оған қоса 38-42 кг салмақ дәрежесіндегі жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық турнирде ІІ-ІІІ және тағы бір ІІ орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, 2017 жылы дзюдо бойынша нормативтерді орындағаны үшін жасыл белбеу иегері атанып, мерейін үстем ете түсті. 
2018 жылы дзюдо күресінен «Алғыс айту күніне» орай ұйымдастырылған Жезқазған қаласындағы сайыста 38 келі салмақта ІІІ орын, Астана қаласының ашық турнирінде 38 келі салмақта І орын, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған дзюдо күресінен фестивалде ІІІ орын иегері атанған. 
      Жүлдегерлер сапында көш бастаған сайын, спортқа ынтасы арта түсетін Әмір үшін 2018 жыл сәтті өтті. Мысалы ол, өткен жылы Астана қалалық ашық турнирде 42 кг және 46 кг салмақта І дәрежелі орынды жеңіп, дзюдо спортының барлық нормативтерін үздік орындағандықтан көк белбеу еншіледі. Оның меншігінде осы уақытқа дейін жинаған 15 жүлдесі бар. 
2019 жылы қаңтар айында Алматы қаласында өткен дзюдодан қалалық ашық турнирінде III орынға ие болды.
Көкке самғайтын сайыпқырандай Әмір спорттан тыс білім бағытында да өте қабілетті. Оқу екпіндісі, сынып белсендісі, мектебінің мақтанышы. Республикалық интеллектуалдық сайыстарға да қатысып, «Кенгуру – математика для всех» ІІІ орын және сертификат, «Кенгуру – лингвист» жарысынан ІІ орын алған. «Русский медвежонок – языкознание для всех, «British Bulldog» халықаралық байқауларынан бірталай сертификаттардың иегері. 
Осынша жеңісті сәттердің куәгері Әмірдің сүйікті ісі – дзюдодан ептілігін арттырып, «vivavideo» бағдарламасын қолдану, саяхаттау.
      Ендігі кезекте ол, Отанын қорғайтын, еліне қалқан болатын әкесі секілді әскери қызметкер болғысы келеді. 
      Лайым, ақ арманың межелі сәтте орындалып, туған еліңде бақыт бесігінде тербеле бер, Әмір Маратұлы!
 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Айзат- 5 марта 2021 11:04
Super Амир только вперёд!

Динара- 5 марта 2021 11:16
Молодец, сынок! Старайся быть лучше! 

Последние новости