Кішкентайынан зеректігімен танылған Сәкенұлы Азат 2007 жылы 30 наурызда Ақтау қаласында дүниеге келген. Әкесі Ахметжанов Сәкен – ҰҚК қызметкері, ал анасы Ахметжанова Гүлсара – облыстық перинаталдық орталығында талай нәрестелерге дүние есігін ашуға көмектескен ардақты акушер. Ата-анасының тұла бойы тұңғышы Азаттың соңынан ерген Салтанат, Айназым есімді қарындастары бар. Оларға арқа сүйер қамқор аға.
Екінші сыныпта оқып жүрген Азат физика, химия пәндеріне қызығушылық танытып, формулаларға дейін жаттап алған еді. Архимед, Ньютон заңдарын сұрай қалсаңыз, мүдірместен айтып береді. Оның ілім-білімге құштарлығы, зеректігі сол сәттен аңғарылса керек. Бірде мектепте аспан әлемін зерттеуші жас ғалыммен кездесу болады. «Аспанда неше планета бар?» – деп сұрақ қояды. Азат өзінің білетін 9 планетасын айтқанда, оған жас зерттеуші «8» деп жауап қатады. Сөйтсе, тізімдегі Плутон қазір жоқ болып шығады. Өмір бойы «9 планета бар» деп оқып келген ата-анасы оның көңілсіз түріне қарап, білмегеніне қынжылып тұрғанын байқайды. Иә, ол білім әлемінде емін-еркін қанат қағып, ғылым көкжиегін кеңейтуді балдырған күнінен армандап өсті.
Зерек ұлан 2013 жылы Ақтау қаласындағы №23 орта мектептің табалдырығын аттады. Алғашқы сыныптан бері озат оқушылардың қатарынан орын алған Азат – бұл күнде 6-сынып оқушысы. Оқуда озат.
Ұлы ақын Абай адам баласын «көрсем, білсем» және «ішсем, жесем» деп тумысынан екі топқа бөлген еді. Алғашқыларының қатарынан табылатын Азаттың кішкентайынан есте сақтау қабілеті ерекше дамыды. Екі жасқа таянған шағында барлық әріптерді санаға сіңіріп, әліпбиді жаттап алды. Үйге кісі келгенде, әліппесін сүйрете жүретін баланың талантына жұртшылық тәнті болып жүретін. Балдырған сәтінен үлкендер біле бермейтін транспорттың түр-түрін логотипіне қарап ажырата бастады. Жұрттың бәрі «Гараж меңгерушісі болады» деп күлген балдырған төрт жасқа жеткенде, шахмат ойынына білек сыбана кірісті. Жеті жасқа жеткенде, жеткіншек үйірмеден зор тәжірибе алып, шахмат сайыстарында сан мәрте жеңімпаз болды.
Алтай мен Атырау арасындағы арқа-жоңы кең атыраптың қай түкпірінде болса да, өтетін шахмат тақтасындағы додада айбынын асырып Азат жүреді.
Сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі ән өнері мен сурет салуда да бағы жарасқан жан. Балалар ән-саз мектебінде үрмелі аспаптар(кларнет) сыныбында дәріс алады, қолына қыл қаламын ұстап, сурет салады. Қазақы баланың сөз маржанын жіпке тізгендей құрап, өлең жазатын да өнері бар. Ол спорттың шахмат түрінен басқа футбол ойнағанды ұнатады.
Ол өмір жолындағы биігін дәлдеп қойған-ды. Әңгімесін «мен ертең Нобель сыйлығын алғанда...» деп бастайтыны сол кезде езуге күлкі ұялатқанымен, қазір қанатын қаққан бала қыранның биікке бағыт алуына жәрдемші болып тұр.
Қай қырынан қарасаңыз да, озық ойлы жастардың қатарында болған қағылез ұлдың шыққан шыңдары жетерлік. Асқар асулардан асып, биік белестерді бағындырып үлгерді. «Арман алдамайды» дейді. Расымен, арман адамға күш береді екен. Жетістік желкенін керген жеткіншектің марапаттары өз әлемін әсем күйге бөлейді. Алғыр жас 2014 жылы халықаралық қашықтықтан өтетін қоршаған әлем, орыс тілі, математика пәндері бойынша «Инфоурок» жобасында жүлделі орындарға ие болды. Ал «Новый урок» жобасының сертификатын қолға түсірді. 2016 жылы Ақтауда өткен «Бастау» математика турнирінде ІІІ орынға табан тіреді. Білімнен бәсі биік оғлан Ақтау қалалық «Бастау» турнирінде математика пәнінен ІІІ орынға қол жеткізді.
Шахмат тақтасында өзін еркін сезінетін өрен 2015 жылы «Зерде» шахмат турнирінің сертификатын иеленді. 2016 жыл – олжаға толы жыл болды. ҚР Конституциясы күніне орай өткізілген қалалық ашық чемпионатта шахматтан Бас бәйгені қанжығасына байлады. Онан бөлек, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогының ХІ республикалық шахмат турнирінің облыстық кезеңінде де топ жарып, І орынды иемденді. Ал республикалық деңгейде сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, шахматшылар арасындағы «ең үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Мұнан бөлек, 2017 жылы Щучинскі қаласында өткен шахматтан ҚР 8-18 жас аралығындағы ұлдар және қыздар арасындағы чемпионатының сертификаты, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогының ХІІ республикалық шахмат турнирінің облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орын, 10 жасқа дейінгі балалар арасындағы шахмат чемпионатында жүлделі І орын, ақын Төлеген Айбергеновтің 80 жылдығына арналған облыстық шахмат турнирінде ІІ орын, Қызылорда қаласында өткен Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасындағы ҚР кубогының І кезеңіндегі марапаты, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында шахматтан «Ақбоз ат» облыстық турнирінде ІІ орын алғаны үшін марапат мінберіне көтерілді. Жеңіс тұғырынан түскен жоқ. 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында шахмат турнирінде де олжасыз қалмады. Ал Ақтау қалалық шахмат турнирінде І орынға қол жеткізді. Дәл осындай қалалық Хади Сарсенбайұлы атындағы шахмат турнирінде ІІ орынды еншілеген болатын. Араға аз уақыт салып, 2018 жылы Орталық және шығармашылық клубтары арасында өткізілген Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Жаса Наурыз – Жыл басы» шахмат турнирінде І орынға ие болды. 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары арасындағы шахмат турнирінде ІІ орынға ие болған Азаттың мерейі үстем бола түсті. Талапшыл жас сондай-ақ, Ақтау қаласында өткен Лазар Елмухамбетовты еске алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасындағы ҚР кубогының 4 кезеңінде, Ақтау қаласының 55 жылдығына орай өткізілген шахмат турнирінде ІІ орынды олжалады.
2017 жылы «Әр бала – жарық жұлдыз» облыстық форум-фестивалінде дойбыдан көрсеткен жетістігі үшін марапатқа лайық деп танылды.
Кез келген істе талап пен еңбек ұштасса ғана, жетістікке бастар жол ашылады. Азат асқан шыңдар да осылайша сонау Эверестке қарай бет алып барады. Иә, жігітке жеті өнер де аз. Келешек кемеліндегі арманына қарай қадам басқан талантты өрен әлі талай қабілетіне қанат бітіретіні анық!
Любовь Азата к физике и химии была настолько сильна, что он выучил не только формулы, но и законы Архимеда и Ньютона будучи учеником второго класса. Уже тогда можно было заметить его стремление к познанию нового. Как-то в школе во время встречи с учениками молодой астроном, изучающий галактику спросил: «Сколько на небе планет?» Ответом одного из школьников, маленького Азата, было: «9 планет», – которые он знал. С чем однако не согласился молодой ученый, ответив: «Существует 8 планет». Оказалось, что Плутон уже не входит в этот список. Родители, которые учили его, что существует 9 планет заметили, как их сын расстроился. Можно понять из этого, насколько велико было стремление к познаниям с детских лет нашего юного героя!
Смышленый и любознательный с раннего детства Хамидулла Азат Сакенұлы родился 30 марта 2007 года в городе Актау. Глава семейства, папа, Ахметжанов Сакен – сотрудник КНБ, мама, Ахметжанова Гүлсара – акушер областного перинатального центра, в котором не единожды она становилась свидетелем рождения новой жизни. У первенца семьи, Азата есть две любимые сестренки – Салтанат и Айназым, которым он стал заботливым братом и надежной опорой. Способный мальчик в 2013 году стал учеником 1-го класса школы №23 города Актау. Сегодня он – ученик 6-го класса, отличник учебы.
Великий казахский поэт Абай делил людей на на два типа: тех, кому дороже еда, питье и сон, и тех, кто стремится к познаниям. Азат же, который относится ко второму типу, уже к двум годам выучил все буквы алфавита. Все близкие люди удивлялись тому, что он никогда не расставался с букварем. Очень рано внимательный мальчик начал различать автомобили по логотипам,что было не по силам даже некоторым взрослым.
С четырех лет юное дарование, о котором взрослые в шутку говорили «Заведующий гаражом», начал увлекаться шахматами. К семи годам, успешно освоив и улучшив навыки игры, он неоднократно становится участником многих состязаний в регионах Алтая и Атырау и бесспорным победителем в турнирах по шахматам. Разносторонний Азат наряду с учебой увлекается музыкой и рисованием. Он – ученик детской музыкальной школы по классу кларнета, а также очень любит рисовать. Талантливый мальчик близок к поэзии, пытается писать стихи. Кроме шахмат, он также любит играть в футбол.
У каждого человека, ребенка или взрослого, есть своя мечта, самая заветная, к которой он стремится и пытается воплотить в жизнь. И у Азата есть своя мечта, в которую он верит. Начиная свой разговор со слов: «Когда я получу Нобелевскую премию...», вызывающих улыбку взрослых, наш юный герой будто хочет сказать, что со своей жизненной позицией он уже определился. В 2014 году целеустремленный Азат стал обладателем призовых мест в проекте «Инфоурок» по предметам естествознание, русский язык и математика, также получил сертификат проекта «Новый урок». Занял ІІІ-е место в Актауском городском турнире «Бастау» по математике. В спорте тоже юный шахматист в 2015 году получил сертификат, приняв участие в турнире «Зерде» по шахматам. 2016 год вообще был полон побед для Азата. Он сумел покорить олимп городских и республиканских соревнований. Стал обладателем главного приза на городском открытом турнире, организованном ко дню Конституции РК. Завоевал І-е место на областном этапе ХІ-го республиканского турнира за кубок международного гроссмейстера Д.Садуакасова, на республиканском этапе получил сертификат. Также, был награжден в номинации «лучший игрок». Кроме этого, в списке достижении Азата имеется сертификат чемпионата по шахматам среди мальчиков и девочек в возрастной категории 8-18 лет, прошедшем в городе Щучинск в 2017 году, ІІІ-е место на областном этапе ХІІ-го республиканского турнира за кубок международного гроссмейстера Д.Садуакасова, І-е место в чемпионате по шахматам среди детей до 10 лет, ІІ-е место в областном шахматном турнире, посвященном 80-летию поэта Т.Айбергенова, награжден за участие в І-м этапе турнира по шахматам среди подростков за кубок РК, посвященном памяти Аралбая Махамбетова в городе Кызылорда, занял ІІ-е место в областном турнире «Ақбоз ат» по шахматам среди учащихся средних школ. Юный талант не останавливается на достигнутом и принимает участие в турнире по шахматам, организованном к 1 июня – Дню защиты детей среди жителей и гостей города Актау. В городском турнире по шахматам он занял І-е место, ІІ-е место в турнире по шахматам имени Хади Сарсенбайұлы. Спустя некотое время, в 2018 году завоевал І-е место в турнире по шахматам среди центральных творческих клубов «Жаса Наурыз – Жыл басы», посвященном празднованию Наурыз, 9 мая он занял ІІ-е место в турнире, посвященном Дню победы. Также, заняв ІІ-е место на IV-м этапе турнира по шахматам, посвященном памяти Лазар Елмухамбетова, он пополнил свою копилку достижений. В 2017 году был награжден за участие в областном форум-фестивале «Әр бала – жарық жұлдыз» по шашкам.
Жизнь – это постоянное движение вперед для достижения каких-либо целей. Стремление, упорство и труд – помощники в достижении этой самой цели. Безусловно, что в будущем наш юный герой, целенаправленно идущий к своей мечте, сумеет достичь поставленных целей и воплотит свою мечту в реальность.
Пусть удача всегда и во всем сопутствует тебе, юный шахматист!