Жаксыбай Ерасыл и Нурасыл

Рейтинг:

      Анадан ешкім батыр болып тумайды. Батырлық өсе келе айбындылықпен ұштасып, баланың жетілу жолында шынығумен қатар келеді. Спортқа бейімделіп, өмірлік жолын күреске толы физикалық жаттығу, өскен үстіне өсе түсу бағытына бұрған жастар бүгінде ақ күріштің отанына айналған Сыр өңірінде жетерлік. Солардың сапында талай белдесулер мен мықты тұлпарға лайық жарыстарда бақ сынап, небір жүлделі орындарды олжалап жүрген Жақсыбай Ерасыл – деген өресі биік жеткіншек бар.
      Жастық жалыны жарысқа жетелеп, айбынды қазақтың нар тұлғалы азаматы ретінде қалыптасып келе жатқан жас тұлпар бүкіл Алаштың анасы – Қызылорда қаласына қарасты берекесі мен тіршілігі жарасқан Досан ауылында 2009 жылы ақ ұлпа қары бораған 6 ақпанда дүние есігін ашты.
     Арыстандай айбатты ұл – текті әулеттің ұрпағы. Даналардан сыр алып, үлкендерден бата алған тәрбиелі Ерасыл кішкентайынан күш сынасуға бейім. Қаскелең қаласында өткен ел чемпионатында Таэквондодан қола медаль тағынған ол – әкесі Қанат мінген сәйгүліктің тартпасын босатып, ерін сыпырып, анасы Айжанның қолғанаты мен мақтанышына айналды.
     Биіктікті қыранның қанатымен өлшеген халықтың ата жолын жалғар ұланы Ерасылдың Айгүл және Нұрасыл есімді бауырлары бар. Бастауын Алатаудан алып, сыбдырлай ағып жатқан Сырдария жағасында өскен Ерасыл 5 жасынан бері спорт мектебіндегі таэквондо үйірмесінен тәлім алады.
      №280 негізгі мектептің беткеұстар шәкірті Ерасыл – қатарластарымен тонның ішкі бауындай өте жақсы араласатын, сыныбының озат та алғыр, табанды, белсенді оқушыларының бірегейі.
     Ұстаздарының сипаттамасынша, өзіне берілген тапсырмаларды мұқият орындап, алтын ұясының қоғамдық шараларына тұрақты түрде атсалысатын Ерасылдың жарыстардан жүлдесіз, орынсыз қалған кезі жоқ. Жауға оқ атса, нысанаға дөп тигізетін мергендей дәлдегіш бала, алдына қойған мақсатына қол жеткізбей әсте тынбайды.
      Таэквондо дейтін жекпе-жектің тізгінін тізгіндеп, түрлі додаларда мәре басынан көрінетін сабаздың алғашқы жеңісі – Қаскелеңде Қарасай батырды еске алуға арналған республикалық жарыста таэквондодан 20 кг салмақта III орынды жеңіп алу сәті.
      Бәйгеге қосқан сәйгүліктері мәре сызығын бірінші болып кесіп жүрген білікті маман Мәжиков Гүлмырза Нұрланұлының жаттықтырумен аудандық, облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып, қоржыны бос қайтпады.
     Алматы қаласында өткен республикалық турнирде және Байқоңырдағы додада қола медальді еншілесе, Арал, Шиелі аудандарындағы дүбірлі бәсекеде II орын, Қызылорда қаласында өткен облыс біріншілігінде екі мәрте топ жарып, алтыннан алқа тағынып, жеңістің жалауын желбіретті.
      2017 жылы облыстық деңгейдегі додада ІІ орын, 8-9 жас аралығындағы балалар арасындағы таэквондо турнирінде І орын, кадеттер құрамасындағы SC «Ruslan» клубының ашық біріншілігінде ІІІ орынға ие болды.
      «Таэквондодан (WT), балалар және кадеттер арасындағы «ЦСКА» СК кубогіне арналған Астана қаласында болған ашық республикалық турнирде ІІІ орын, Сырдағы «Тарлан» спорт кешенінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған облыстық турнир барысында ІІ орын иесі Ерасылдың әлі де бағындырар белестері мен төрі көп.
       Айрандай ұйыған отбасының перзенті 2018 жылы №2 ООРМБЖМ ашық біріншілігінде 24 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын, Қызылорда қаласының 200 жылдығы және Астана қаласының 20 жылдығына орай «Арай» мектебінде өткізілген чемпионатта 24 кг салмақта І дәрежелі жеңімпазы атанды.
       Озық ойлы, көздеген мақсаты биік, жаңалыққа жаны құмар Ерасыл Қанатұлы таэквондодан олимпиада чемпионы болуды көздейді. Өзі де, сөзі де, ісі де кенен ұланның спорттағы жолы дара болғай!


      Отвага — качество сильных, бесстрашных, самоотвер¬женных людей! Любой вид спорта - это труд. Стоит ли говорить о том, сколько сил должен вкладывать и тренер, и его подопечные, чтобы добиться определенного результата. Ведь тут важно не только физическое развитие, но и воспитание морали и силы духа. Отважными никто не рождается. Ее задатки лежат в основе человека и нужно из года в год, занимаясь спортом, развивать свои способности. Немало представителей молодого поколения из Кызылординской области стали победителями мировых спортивных арен. В их число входит и Жаксыбай Ерасыл – участник и призер многих спортивных состязаний.
     Он родился в городе Кызылорда 6 февраля 2009 года. С ранних лет занимаясь спортом, сегодня он достиг немалых высот. Отважный, с хорошей физической подготовкой он принимал участие в Республиканском чемпионате по «таэквандо», прошедший в Алматинской области городе Каскелен и стал обладателем бронзовой медали.
      Нельзя добиться успехов без поддержки родных и близких людей, которые всегде будут радоваться твоим успехам и поддержат тебя и в моменты проигрыша. Помогут добрыми словами и не дадут опустить руки. Так и отец Канат и мама Айжан всегда рядом со своим юным спортсменом, они являются его преданными болельщиками.
      Но помимо родителей у Ерасыла есть и маленькие поклонники его таланта. Для них он является образцовым примером, опорой и поддержкой. Это младшие сестра и брат Айгуль и Нурасыл.
     Ерасыл с пятилетнего возраста занимается в спортивной школе «таэквандо». Он делает успехи не только в спортивной карьере, но и в школе. В настоящее время он является учащимся общеобразовательной школы №280, где он получает знания вместе со своими сверстниками и является одним из лучших учеников школы.
     Педагоги давая характеристику своему ученику, отзываются о нем, как об ответственном человеке, который со всей серьезностью подходит к выполнению данных учителями указаниям. Он не раз отстаивал честь школы на соревнованиях и неоднократно возвращался победителем и призером. А также он принимает активное участие в общественной жизни школы.
      Навсегда в памяти остается первая победа. У Ерасыла она была ознаменована, когда он принял участие в Республиканском соревновании прошедшим в городе Каскелен Алматинской области, в весовой категории 20 килограмм, где он стал обладателем III места.
      Под руководством своего тренера Мажикова Гулмырзы Нурланулы, он не раз становился победителем областных и региональных состязаний. Так, став обладателем бронзовых медалей полученных в Республиканском турнире прошедший в Алматинской области и в Областном турнире в городе Байконур, он также приняв участие в Областных турнирах в городе Аральск и поселок Шиели стал обладателем II места. А участвуя в Областном первенстве по «таэквандо» в городе Кызылорда он получил золотую медаль.
     В 2017 году приняв участие в Областном соревновании он завоевал II место, а в возрастной категории между детьми 8-9 лет он получил I место, будучи членом кадетского состава клуба SC «Ruslan» в открытом первенстве он стал обладателем III места.
      В открытом Республиканском турнире по «таэквандо» между детьми и кадетами, прошедший в городе Астана на Кубок клуба СК «ЦСКА» он получил III место, а в Областном турнире на родной земле он завоевал II место.
     Уже в 2018 году в весовой категории 24 килограмма в открытом первенстве у себя на Родине он стал обладателем III места, и также в весовой категории 24 килограмма приняв участие на чемпионате посвященный «200-летию Кызылорды» и «20-летию Астаны» он стал победителем, завоевав при этом I место.
       В столь юном возрасте став обладателем медалей и призовых мест, Ерасыл мечтает в будущем покорить мировые спортивные арены, став чемпионом по «таэквандо». А мы верим и надеемся, что он добьется больших успехов!




       Мәселенің түйінін бір ауыз сөзбен шешкен қазақ халқының ұлдары шетінен балуан ғой,шіркін! Ел үмітін ер ақтайтын заманда туған өлкесінің намысын қорғап, атқа мінген азаматтары аз болмаған. Бүгінде белдескеннің белін үзіп, қарсы келгенді қиып түсер небір марқасқа батырлардың ізін жалғастыратын жастар Қызылорда өңірінде аз емес. Қалтарыста қалмауға тырысып, топ алдында күшін сынап жүрген баяғы батырлардың текті ұрпағы Жақсыбай Нұрасыл да – жауырыны тақтайдай жас өрен. Оған кежегесі кері кету, сескену секілді қасиеттер тән емес. Қиып түсер алдаспандай үнемі ортасында озық болып жүретін бала көкжиектен қылтиған арманын жетілдіруде артқа шегінген емес. Сондықтан да оның басқан адымы алымды, ісі ерекше.
       2010 жылы маусым айының 23 жұлдызында өмірген келген Нұрасыл – Қызылорданың іргесіндегі Досан ауылының тумасы. Ауылдың топырағына аунап, есеюге бет алған бала 2016 жылы №280 негізгі мектебіне оқуға қабылданды. Содан бері ағасының жанынан қалмай, таэквондо спортының әдіс-тәсілдеріне қанығуда.
      Сөзден қаймақ ажыратып, май шайқаған атасы Жақсыбайдың айтқан ертегілерін сәби санасына сіңіріп, батасын алды. Ата қолының табы қалған қайың сапты қамшыны ұстаған әкесі Байбатыров Қанаттың атын желіге байлап, анасы Дүйсенова Айжанның жүгін көтерісіп, көз алдындағы үмітіне айналып өсті. Нұрасыл өзінен үлкен Айгүл тәтесі мен Ерасыл ағасы – үшеуі шаңырақты шаттыққа бөлеуде осалдық танытқан емес.
      «Әлі баламын» демейтін талай жүйрікті додаға қосқан Таңатаров Асанәлінің жаттықтыруымен таэквондодан аты дардай жарыстарға қатысты. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы ұйымдастырған облыс біріншілігінде III орынды жеңіп алуы – төрт аяғын тең басқан тұлпардың шабысына шабыс, арманына қанат байлағандай болды.
       Ортаға тез араласып кететін ашық мінезді сабаздың мектепішілік іс-шараларда өлең айтатын өнері де бар. Таңдайына бұлбұл ұя салған Нұрасылдың бұл қабілеті нағыз дарындылық екені еш күмәнсіз.
      Мектепішілік деңгейдегі пәндік білім сайыстарына қатысып, жүлделі орындар мен дипломдарды меншігіне жиып, таэквондо спортының кимоносын киген жас спортшы сан мәрте аудандық, облыстық деңгейдегі тотами төрінде қарсыластарынан күші басым болып, оң қолы жиі жоғары көтерілуде.
       2017 жылы 7 шілдеде таэквондодан Қызылорда қаласында өткен біріншілікте I орын, 3-4 ақпаны мен 7 шілдесінде облыстық біріншілікте қарсылас шақ келтірмей тағы да I орынды иеленсе, Арал қаласында өткен біріншілікте жүлделі III орынды қанжығасына бөктірді.
      2004-2012 туылған балалар мен жасөспірімдер арасындағы №2 ООРМБЖМ ашық біріншілігінде 20 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын, Таэквондо федерациясының жүлдесіне арналған додада ІІ орын, Жаңа жыл мерекесіне орай өткен жолдастық кездесуде ІІІ орын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған аудандық жарыста І, қалалық кезеңде ІІІ орын алды. 8-9 жастағы балалар арасындағы бәсекеде грамота, Сәрке батыр жүлдесіне арналған турнирде ІІІ дәрежелі дипломмен олжалы болды.
       2018 жылы 10 қыркүйекте Атырау қаласында өткен халықаралық «Kazakstan Open – 2018» байрақты бәсекесінде ІІІ орын, Қызылордада «Тарлан» спорт кешенінде өткен сайыста І дәрежелі жүлдені ауыздықтады.
        Қырандай күшті қанатты, білекті, шымыр денелі Нұрасыл Қанатұлы таэквондодан олимпиада чемпионы атанып, Қазақстан Республикасының атын әлемге танытуды қазірдің өзінде өзіне мақсат етіп алған. Жылт еткен жарық сәулеге жетпей қоймайтын ел болашағының ертеңі жарық, келешегі өрісті, маңдайы бес елі бақытқа толы болсын!


        В «Энциклопедии тхэквондо» генерал Чой Хонг Хи писал: «Что же означает слово тхэквондо? В некотором смысле тхэквондо – это стиль жизни. Попросту говоря, тхэквондо – это один из видов искусства самообороны без оружия. Однако это далеко не всё. Тхэквондо – научно обоснованный способ использования своего тела в целях самообороны, позволяющий в результате интенсивных физических и духовных тренировок необычайно расширить диапазон индивидуальных возможностей человека. Тхэквондо – вид боевого искусства, не знающий равных по мощности и эффективности техники. Составляющие этого искусства - дисциплина, техника и дух являются средствами развития у занимающихся им чувства справедливости, твёрдости, гуманизма и целеустремлённости. Именно духовная культура отличает истинного мастера от дилетанта, совершенствующего только технические аспекты боевого искусства».
       Жаксыбай Нурасыл родился 23 июня 2010 года в поселке Досан Кызылординской области. В 2016 году он переступил порог общеобразовательной школы №280. И с тех пор, он вместе со старшим братом посещает спортивную секцию «тхэквандо».
     Самый младший ребенок в семье, он очень любит своих старших, брата Ерасыл и сестру Айгуль. Казахская семья — это главная опора и основной источник воспитания. Первые уроки воспитания ребенок получает в семье, где формируется основа всего процесса воспитания нравственности и гуманизма человека. Традиции и высокие идеалы, передаваемые из поколения в поколение, прививаются и формируются именно в семье. Традиции любви и уважения к окружающим, ведущие к взаимопониманию между людьми, тоже формируются только в здоровой семье. В семье Нурасыла, где помимо отца Байбатырова Каната и мамы Дуйсеновой Айжан, он также рос слушая сказки и легенды дедушки Жаксыбая, который принимал непосредственное участие в воспитании внуков.
       Любой ребенок получает воспитание не только в семье и школе. Посещая спортивную секцию по “тхэквандо” тренер мальчика Танатаров Асанали также внес свою лепту в развитие мальчика, воспитав в нем настоящего бойца, мужчину, будущего защитника. Благодаря стараниям тренера он не смотря на столь юный возраст стал участвовать в состязаниях. Так, приняв участие в Областном первенстве по “тхэквандо” организованный ТОО “Петро Казакстан Кумколь Ресорсиз” он стал обладателем III места. Это была его первая победа. Какое это радостное событие было для Нурасыла и его родных.
       Но не только в боевых исскуствах преуспел Нурасыл. Он также проявил свои способности и в творческом плане. Он очень красиво исполняет песни, принимая активное участие на школьных мероприятиях. Помимо этого, он не пропускал и олимпиады по школьным предметам. Неоднократно становился победителем и призером.
        Приняв участие в прошедшем первенстве по “тхэквандо” в городе Кызылорда в 2017 году он стал обладателем I места, и в Областном первенстве он также получил I место. Выступив в Областном первенстве прошедший в городе Аральск он завоевал III место. В возрастной категории между юношами 2004-2012 года рождения весовая категория которых достигала 20 килограмм он получил III место, а на приз “Федерации тхэквандо” он стал обладателем II места.
      В новогодней товарищеской встрече он завоевал III место, а на праздновании “Дня первого Президента Республики Казахстан” проходивший в первом городском уровне он стал обладателем III места, в возрастной категории между детьми 8-9 лет он получил грамоту, а в турнире посвященный “Сарке батыру” он удостоился диплома III степени.
       Еще одной из его значительных побед является участие 10 сентября 2018 года в городе Атырау в Международном состязании «Kazakstan Open – 2018», где он стал обладателем III места, а в состязании прошедшем у себя на Родине в спортивном комплексе “Тарлан” он получил I место.
       Нурасыл в будущем мечтает покорить спортивные мировые арены и стать чемпионом по “тхэквандо”. Обладая такими способностями мы верим как и его родные и близкие, что он добьется своих поставленных целей.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости