Бүгінде Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) – болашақтың қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын жас қала – баршамыздың арман қаламыз. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Астана қаласы Еуразияның дәл ортасында орналасқан: бір жағынан – еуропалық жетістік, екінші жағынан – шығыс дәстүрі үйлесімін тапқан. Осындай көз тойдырмас сұлу да әсем қалада дүниеге келу бақыты бұйырған Қазақстан болашағы – Үсенбаева Аида Серғалиқызы.
Аида Серғалиқызы 2001 жылы 15 желтоқанда дүние есігін ашты.
Отбасы деген шағын ғана мемлекетіңіздің берік те бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді. «Қарты бар елдің Қазынасы бар» демекші қазыналы қариялары атасы Үсенбай мен апасы Нұрханның жұлдызы жарық немересі. Атасы мен әжесінің бойындағы асыл қасиеттерден үлгі-өнеге алады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін Аиданың саялы бәйтеректей әкесі Серғали мен ардақты анасы Баян балалары үшін бар жағдайды жасап, сапалы білім алуына күш-жігерлерін салады. Аида ата-анасына сәби бақытын сезіндірген отбасының тұңғышы. Інілері Қайсар мен Ерасыл, сіңілілері Ботакөз бен Айзере апаларын мақтан тұтады. Сүйкімді балауса берекесі мен ырзығы тасыған отбасын қадірлеп, үлгілі жанұясымен мақтанады.
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» дегендей, ең алғаш алтын ұясы отбасынан тәлім-тәрбие алып, таным көкжиегін арттыру үшін 2004 жылы №40 «Нұрлан» балабақшасына барды. 2009 жылы №28 жалпы орта мектептің 1-сыныбының табалдырығын аттады. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» деп ғұлама Әл-Фараби айтқандай, ұстаздарының беріп жүрген тәрбиесі мен білімін игере жүріп, 7-сыныпта Назарбаев Зияткерлік мектебіне емтихан тапсырды. Нәтижесінде жоғары көрсеткіш көрсетіп, осы білім ордасының шәкірті атанды. Қазіргі таңда Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРМИК-тің 11-сыныбын аяқтады.
Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақ жастардың қолында» деген. Қазақстан болашағының бірі – Үсенбаева Аида Серғалиқызы көптеген жетістік қамалдарын бағындырып келеді. Әсіресе, «спорт-саулық кепілі» ұстанымын серік ететін спортшы қыздың баскетболдан олжалаған марапаттары сан алуан. 2013 жылы Леңгір қаласында өткен «Лучший нападающий» ХХ дәстүрлі республикалық «Жазғы каникул» атты баскетбол турнирінде ІІ орын иегері атанды. «Золотая осень» Шымкент қалалық кубогында «Үздік ойыншы» атағын жеңіп, І орын тұғырынан көрінді. Дарынды ару 2001 жылғы және одан кіші жастағы қыздар командалары арасындағы ҚР чемпионатындада І орынды бермей, «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. 2013 жылы қыздар арасындағы ҚР чемпионатында ІІ орын алса, 2014 жылы №4 мектептке өткен қысқы біріншілікте І орын иеленді. Шекспирдің «Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету» деген керемет қанатты сөзі бар. Осы үш ережені ескере отырып, Аида жеңісін еселей түсуде. Ол ХХІ республикалық «Жазғы демалыс» турнирінде «ҮЗДІК ДРИБЛЕР0» атанып, І орынды қанжығасына байлады. Республикалық қана емес, халықаралық турнирлердің де жеңімпазы атанып жүрген жас балауса Приморск. «Пасейдон» халықаралық жастар турнирінде ІІ орын алса, 2015 жылы Польшаның Члухув қаласында «EYBL U15» этап турнирінде І орын иегері атанды. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласында ұйымдастырылған ашық біріншілікте І орын, «www.dubl. kz» ҚР чемпионатында І орын, 2000 жылы туған қыздар арасындағы чемпионатта ІІІ орын, 1999 жылы туған және одан кіші қыздар арасындағы командалық жарыста І орын, 2001 жылы туған және одан кіші жастағы қыздар арасындағы ҚР чемпионатында «Үздік ойыншы» атағын жеңіп, І орынмен марапат төрінен көрінді. Жас та болса, бас бола білген Аида баскетболдан спорт шебері атағын алып та үлгерді. Жетістіктен жетістікке жету арқылы өз-өзін шыңдап, жігерлене түсті. Бір орында тоқтап қалмады.
Спорт шебері – «Алтын күз», «Қазақ хандығына – 550 жыл», «Ұлы Жеңіске – 70 жыл», «ҚР Халық Ассамблеясына – 20 жыл», спорт ардагерлері Н.И. Махамбетова және А.И.Исхаковты еске алуға арналған «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен өткен республикалық, халықаралық спорт жарыстарының жүлдегері. Бұдан бөлек, 2016 жылы «Тәуелсіздікке – 25 жыл», Ауған соғысында қаза болғандарды еске алуға арналған турнир, «Көше лигасы 3Х3», «Жазғы демалыс» турнирінің І, ІІ дәрежелі жеңімпазы атанып, отбасын қуанышқа бөлей түсті. «ASTANA OPEN – 2017» турнирінде ІІ орын және Щучинск қаласында өткен чемпионатта І орын алса, «Жетісу кубогі» турнирінде ІІ орынмен марапатталды.
Үсенбаева Аида – 2017 жылдың «Үздік спортшысы» номинациясының, «Спорт шебері» атағының иесі. Жетістіктер желкенінің тізбегі 2018 жылы да көрінісін тапты. Спортшы қыз Астана қаласында өткен ҚР ІХ жазғы спартакиадасында ІІ орын және Баскетболдан ҚР чемпионатының қорытынды кезеңінде ІІІ орын жеңімпаз болып, жеңіc қоржынын толтыра түсті.
«Арманым – еңбегіммен ел көгінде жарқырайтын табысты адам болу. Диплом, грамоталар мен алғыс хат, мақтау қағаздары – ақ адал еңбегімнің нәтижесі деп білемін. Спорт пен білімді құстың қос қанатындай қатар алып келемін. Физикалық мүмкіндігімді арттыру – менің күнделікті сүйікті дағдым, әрекетім», – дейді Серғалиқызы Аида.
Толайым табыстарға жетіп үлгерген спортшы аруға Қазақстанның көк байрағын әлем көгінде желбірете бер дейміз! Болашағың баянды, келешегің кемел болсын жас қыран!